Тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетілді

0
2 105

Қайырымдылық шарасы негізінде ауылдағы тұрмысы төмен бірқатар отбасыларға демеушілер есебінен көмек көрсетілді.


Тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетілді

Түркістан облысы, Шардара ауданы Ақшеңгелді ауылдық округінде «Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік!», «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыптарында іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шардара ауданы, Ақшеңгелді ауылдық Мәдениет сарайында ұйымдастырылған осынау мерекелік шараларға ауыл тұрғындары мен ақсақалдар қауымы және жастар да қатысты. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткізілген іс-шарада Ақшеңгелді ауылының әкімі Ордабай Сахов құттықтау сөз сөйлеп, жиынды ашып берді. Жиын барысында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Қошкелдиев, «Ақ алтын» жалпы орта мектебінің директоры Әбдіәшім Момынов, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Р.Шапишева, желтоқсан оқиғасына қатысушы Е. Қожаханов сөз сөйлеп, егемендіктің қадір-қасиеті туралы әңгімелер айтылды.

Ақшеңгелді ауылдық Мәдениет сарайының өнерпаздары мерекеге қатысушыларға концерттік қойылымдар қойып, сахналанған көріністерден көрерменге тарту етті. Аталмыш іс-шара соңында ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Қайырымдылық шарасы негізінде ауылдағы тұрмысы төмен бірқатар отбасыларға демеушілер есебінен көмек көрсетілді.