«Жаһандағы қазақстандық мәдениет туралы не білеміз?»

0
1 382

Дәл осындай атаумен темір жалпы орта мектебінде дөңгелек үстел өткізілді.


 «Жаһандағы қазақстандық мәдениет туралы не білеміз?»

Түркістан облысы Отырар ауданына қарасты темір жалпы орта мектебінде мекеме қызметкері Қ.Ақтөренің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында «Жаһандағы қазақстандық мәдениет туралы не білеміз?» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталмыш шараға ДОІЖО А.Омар, ДТІЖО А.Пірман, ҰП А.Өксікбаева мен бастауыш сыныптар әдістеме бірлестігінің жетекшісі Г.Серғұлылар қатысты. Дөңгелек үстелді сынып жетекшісі ашып, 3-сынып оқушыларына слайдтар көрсету арқылы бүгінгі шараның мақсаты мен мәнін түсіндіріп, балаларға кезек берді. Өз кезегінде оқушылар бағдарламаның мақсатына қатысты өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында өлеңдер оқып, ән айтқан оқушылар «Қазақстандық мәдениет» ұғымын кеңінен талдасты.

Шара соңында оқушылар бүгінгі дөңгелек үстелден алған білімдерін «Тілек ағашы» кері байланысы арқылы қорытты. Шараны ДОІЖО А.Омар қорытындылап, Елбасы саясатын жүзеге асыруда ұстаздар еңбегінің өлшеусіз екендігін айтып, оқушыларға білім жолына сәттілік тіледі.