Жаңадан құрылған Жетісай ауданының әкімі тағайындалды

0
3 376

2018 жылдың сәуір айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының әкімі лауазымында қызмет еткен.


Жаңадан құрылған Жетісай ауданының әкімі тағайындалды

ERNUR.KZ. Түркістан облысындағы жаңадан құрылған Жетісай ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен Жетісай ауданының әкімі қызметін Жамантай Қанайұлы Бейсенбаев атқаратын болды.

«Сіздерді жаңа Жетісай ауданының құрылғанымен құттықтаймын. Енді тың қарқынмен мемлекеттік бағдарламаларды сапалы түрде жүзеге асыруға жұмыс істеулеріңіз керек. Аудан әкіміне жүктелер ең басты үш тапсырма бар. Олар: саяси тұрақтылықты сақтау, аудан тұрғындарының бірлігін нығайту және экономикалық тұрақтылықты сақтай отырып өсімге қол жеткізу. Осы шаруалар сапалы орындалса, бәрі жақсы болады. Шекара маңында орналасқандықтан Жетісайдың стратегиялық маңызы өте жоғары. Даму мүмкіндігі де мол. Әсіресе, ауыл шаруашылығын жүйелеп дамытып, кәсіппен шұғылданамын деушілерге қолдау көрсетілсін. Атқарылатын шаруа өте көп. Іске сәт!», - деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.

Жамантай Бейсенбаев 1958 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі ғалым агроном, заңгер.

Еңбек жолын 1982 жылы Алматы облысы Қаскелен ауданы «Пригородный» кеңшарының аға агрономы ретінде бастаған.

1984-2018 жылдары ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының Жетісай аудандық комитетінің хатшысы;

«Красная звезда» кеңшарының партия комитетінің хатшысы;

Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданы әкімінің бірінші орынбасары;

Мақтаарал ауданы ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары;

Мақтаарал ауданы Жетісай қаласының әкімі;

Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары;

Облыс әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған.

2018 жылдың сәуір айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының әкімі лауазымында қызмет еткен.