​Жас жігіт бауырын ренжіткендерді пышақтады

0
1 271

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында жас жігіт екі адамды пышақтады.


​Жас жігіт бауырын ренжіткендерді пышақтады

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында жас жігіт екі адамды пышақтады. Аудандық сот Тұрар Рысқұлов ауылының тұрғыны 25 жастағы Нұрлыбек Т-ны қамауға алу жөнінде санкция берген. Оған 99 баптың 2 бөлігінің 1 тармағындағы «Екі және одан да көп кісі өлтіру» айыбы тағылып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ NUR.KZ cайтына сілтеме жасап.

2018 жылғы 4 шілдеде Нұрлыбектің інісі кешкі серуеннен келеді. Оны әлдекімдер соққыға жыққан. Осы кезде Нұрлыбек қолына пышақ алып, інісін ренжіткендермен тәжікелесу үшін үйінен шығады. 20 минуттан кейін ол өзінің іздеген адамдарын жолықтырады. Соның салдарынан оның қарсыластары – 20-25 жастағы екі жігіт пышақталып, оқиға орнында қаза тапты.

Соттың санкциясы бойынша екі кісі өліміне айыпты азамат тергеу аяқталғанға дейін екі ай мерзімге қамауға алынды.