​Жетісайда ардагерлер арасында бильярдтан жарыс өтті

0
1 402

Сайысқа жалпы 16 ардагер қатысты.


​Жетісайда ардагерлер арасында бильярдтан жарыс өтті

Түркістан облысы, Жетісай ауданында Халықаралық қарттар күніне орай ардагерлер арасында бильярдтан жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл сайысқа қала, кент және ауылдық округтерден он алты ардагер қатысты. Сайыс өте тартысты өтті. Жарыс қорытындысымен бірінші орынды Бейсенбек Дүйсеев қанжығасына байлады. Ал екінші орынды Бейсенбай Абишев иеленсе, Әбжіқабыл Жұманов үшінші орынды қанағат тұтты.

"Қарты бар елдің - қазынасы бар" деген қағидамен сайыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, қалыптасқан дәстүр бойынша әлемнің барлық елдерінде Қарттар күні 1 қазанда аталып өтіледі. Қай заманда да, қайсыбір қоғамда да қарияларға қашанда құрмет көрсетіліп, олардың ғибратты даналықтары мен аталы да баталы сөздері ерекше құрметке ие болған. Аға буын өкілдеріне айрықша құрмет көрсету – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі.