​Жетісайда "Жан жылуы" қайырымдылық акциясы өтті

0
1 894

Шара аясында 100-ден астам отбасы мүшелеріне тегін азық-түлік таратылды. Сондай-ақ, кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.


​Жетісайда

Бүгін Жетісай ауданы Асықата кентінде 10 қазан – Халықаралық мүгедектер мерекесі аясында «Жан жылуы» қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Әділхан Әбжанов, Асықата кентінің әкімі Бақыт Серіков және Асықата кентінің бір топ кәсіпкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Акция барысында өңір басшысы Жамантай Қанайұлы ауданымыздағы мүгедек жандарға және жалғызілікті қарттар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға демеушілік жасап жүрген бір топ кәсіпкерлерге өз атынан алғыс хаты табыс етті.
Шара аясында 100-ден астам отбасы мүшелеріне тегін азық-түлік таратылды. Сондай-ақ, кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Мұнан соң аудан әкімі Асықата кентіндегі мүгедек балаларды оңалту орталығына атбасын бұрып, сондағы тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерді де мерекесімен құттықтады.