«Жомарт жүрек» қайырымдылық шарасы өткізілді

0
2 516

Аталған қайырымдылық шарасының балалар үшін әсері ерекше болды.


«Жомарт жүрек» қайырымдылық шарасы өткізілді

Бүгін Түркістан облысы, Сайрам ауданында Тәуелсіздік күніне орай қайырымдылық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының 90 жылдығы және «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен осы аудандағы Көмешбұлақ ауылында қоныс тепкен «Бауыржан» балалар үйінде балаларға арнайы қайырымдылық іс – шарасы өткізілді.

Аталған қайырымдылық шарасының балалар үшін әсері ерекше болды.

Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілген «Жомарт жүрек» атты тақырыбында өткен іс- шара барысында, балаларға мейірімділік пен қамқорлық көрсетіп жатқан«Бауыржан» балалар үйі ұжымының басшысы С.Нұрпейісовке аудан әкімі Бақтияр Мамаевтың арнайы алғыс хаты тапсырылды.

Сонымен қатар, Көмешбұлақ ауылы, «Бауыржан» балалар үйінде арнайы тәрбие мен білім алып жатқан әр отбасының балаларына аудандық мәдениет бөлімінің атынан сый-сияпаттар табысталды..

Кеш соңы көңілді концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, әсем ән мен би тарту етілді.