​Апталық жұлдызнама: 12-18 ақпан, 2018 жыл

0
3 738

Жұлдызнама бойынша, келесі аптаны қалай өткізесіз? Қандай жоспар құруға болады? Қандай жайттардан сақ болу керек? Келесі аптада Сізді не күтіп тұр?


​Апталық жұлдызнама: 12-18 ақпан, 2018 жыл

Фото: fb.ru

Жұлдызнама бойынша, келесі аптаны қалай өткізесіз? Қандай жоспар құруға болады? Қандай жайттардан сақ болу керек? Келесі аптада Сізді не күтіп тұр?

Тоқты

Сіз үшін бұл күндері отбасыңыз бен отбасылық құндылықтар басты орында тұруға тиіс. Апта аяғында ерекше романтикалық кеш немесе әдеттегідей үйдегі отырыс — екеуінің біріне таңдау жасау керек болады.

Бұл аптада қызмет, кәсіп саласында айтарлықтай қиындықтар тууы мүмкін. Саспаңыз, сабырлылық танытыңыз, сонда жағдайды оңай реттейсіз. Жоспарлар мен мақсаттарыңызды тек сенімді әріптеспен бөлісіңіз, сізді аяқтан шалып, идеяңызға ортақ болғысы келетіндер көп. Сейсенбі күні басшылық тарапынан қызықты ұсыныс түседі, ол іссапар не басқа қалада өтетін келіссөз болуы мүмкін.

Торпақ

Жалпы, қиыннан қиыстырып жол тауып кете аласыз, бірақ, бұл апта сізге барынша салмақ салайын деп тұр. Тіпті, басыңызға бұл үйіріліп, айналаңызды тұман басуы да мүмкін. Бәсекелестеріңіз бұл күндері аса белсенді. Сақтықта қорлық жоқ, әр қадамыңызды аңдап басып, әр сөзіңізге абай болыңыз.

Дүйсенбі — іскерлік келіссөздер жүргізуге өте қолайлы күн, бұл күні серіктестеріңіз барлық ұсынысыңызды мұқият тыңдайды. Ал, бейсенбі күні келіссөздер қарқынын аздап бәсеңдетуге тура келеді. Бұл күні көп адам ашушаң болады, соның ішінде өзіңіз де. Сенбі — отбасы мүшелеріне арнап жақсы демалыс ұйымдастыруға ең оңтайлы күн.

Егіздер

Бұл аптадағы сіздің басты мәселеңіз — әріптестермен келісе алмаушылық, пікір қайшылығы. Сондықтан, болмашыға бола сөз таластырып, даудың соңын жанжалға ұластырып алудан сақ болыңыз. Келіссөздерді бейресми жағдайда өткізіңіз.

Қаржылық жағдайыңыз тұрақсыз, алайда, бұл — уақытша. Жұмыс ауыстырамын деп асығыстыққа бой алдырмаңыз.

Жеке өміріңіз де әбігерге салады, сейсенбіде бұрынғы сүйіктіңізді жолықтыруыңыз ғажап емес. Ондай жайт бола қалса, өзіңізді ұстаңыз, жай ғана қызығушылық пен естеліктерден туған қарым-қатынастың соңы үлкен мәселеге айналып кетуі мүмкін. Ал, сенбі — барлық адамдар сияқты, сіз үшін де отбасы күні болмақ.

Шаян

Айналаңыздағы адамдарға қояр талаптарыңыз бен наразылығыңызды азайтыңыз. Бұл апта сіз үшін ауыр өтпек, жақындарыңыздың қолдауы мен көмегі қажет болады. Әріптес пен серіктестерге сенім артыңыз.

Сейсенбіде қалтаңыз сыйақымен не құнды сыйлықпен қомпайып қуантады. Бейсенбіні, мүмкіндігінше, оңаша өткізуге тырысыңыз. Бұл күні жұмыс жасауға тиіс болсаңыз, күнделікті, қатардағы шаруалармен айналысып, маңызды шешім қабылдамаған жөн.

Отбасындағы не махаббаттағы мәселелер артта қалады, туыстарыңызбен де қарым-қатынасыңыз одан әрі жақсара түседі.

Арыстан

Ақпанның бұл күндерінде сіздің бірігіп іс атқаруға деген құлшынысыңыз оянады. Ұжымдық жұмыс деген жақсы, әрине, алайда жұлдыздар өз жоспарларыңызды ұмытпауға кеңес береді. Ойға түйген идеяларыңызды жүзеге асыруға еш күмәнсіз кіріссеңіз болады. Тек, бәзбіреулердің тәтті тіліне алданып қалудан абай болыңыз, ол сіздің атқарған жұмыстарыңызды иеленіп кеткісі келетін біреу болуы мүмкін.

Қаржылық жағдайыңыз аса қуантарлықтай болмайды, сондықтан, үнемдеңіз.

Бикеш

Бұл аптада көшбасшылық қабілетіңіздің арқасында кез келген деңгейдегі басшылармен тіл табысып, жақсы қатынас орната аласыз. Көп жоспарыңыз жүзеге асқалы тұр. Кәсіпкерлік үшін сәтті күндер, алайда, қаржыға қатысты сұрақтарды серіктесіңізбен талқылауды естен шығармаңыз.

Жеке өміріңізде қиындықтар туындауы мүмкін. Оларды шешемін деп жүріп, өзіңіз жайлы да біраз жайтты ұғасыз. Бейсенбі — қарым-қатынасты талқылауға жайсыз күн. Бұл күні дау тудыратын әңгімені бастамаған жөн. Сенбіде шығармашылықпен айналысу — көңілді және есте қаларлықтай демалыстың кепілі.

Таразы

Апта оң нәтижелерге, жетістіктерге, жақсы сәттерге толы болмақ. Ең бастысы, жоспарға сай жүріс жасаңыз. Бәсекелестер жайлы ойлап бас қатырмаңыз, бұл аптада олардың қарқыны тым бәсең. Мәселені шешудің оңтайлы жолдарын тауып әріптестеріңізді таң қалдырасыз, олар сізді үлгі тұтатын болады. Сейсенбіде тиімді ұсыныс түседі, ал, сәрсенбіде ықпалды демеушілер қызығушылық танытады. Жұма күні әріптестер мен достар тарапынан қошеметке бөленесіз.

Сарышаян

Қыстың бүл күндері басқалар үшін дағдарысқа толы болғанымен, сізге кері әсер ете қоймайды. Бәрі жоспар бойынша, тосын оқиға орын алмайды. Аптаның алғашқы үш күні бірқалыпты, жайлы өтеді. Бірақ, бейсенбіде бұл тыныштық бұзылып, серіктестермен арада қиындық тууы мүмкін. Ішкі түйсігіңізді тыңдап әрекет етіңіз, сонда жұмада бәрі ретке келеді.

Демалыс күндерінде жеке өміріңізде мәселе туындауы мүмкін.

Мерген

Бұл апта сіз үшін көңілді өтеді — қонаққа бару, қызықты іс-шараларға қатысу, беделді тұлғалармен танысып, араласу, тағысын тағылар. Алайда, тым еліріп кетпеңіз, іскерлік қарым-қатынасты пайдақорлық жолында құрбан етпеңіз, танымал таныстарыңызды алға тартып мақтануға жол бермеңіз.

Материалдық жағдайыңыз көңіл көншітерлік, десе де, бейсенбіде қаржыға қатысты маңызды шешім қабылдамаңыз. Бұл күнге белгіленген қаржылық операцияларды да кейінге шегере тұрған жөн. Жұма күні мол қаражат жұмсау қажеттілігі туындайды.

Тауешкі

Байырғы әдетіңізден танбай, бұл аптада да көңілді басқосулар мен ойын-сауық шараларына аттап баспайсыз. Алайда, жұлдыздар жағдайды аздап өзгертіп, тым байсалды, тым көңілсіз болмауға шақырады. Шақырулар мен ұсыныстарды қабыл алыңыз, ол тіпті шетелге саяхат болса да.

Ақпанның бұл аптасында жеке өмірге қатысты шешімдер шығару керек болады. Десе де, дүйсенбі мен сәрсенбі күндері шешім шығарып, мәселе талқылаудан қашқақтаған жөн.

Сенбі-жексенбіге жоспар құрып әуре болмаңыз, бұл күндері тізгін туыстарда. Отбасылық отырыстарды мейлінше көңілді өткізуге тырысыңыз.

Суқұйғыш

Жоспарларыңызды жүзеге асыруға ықпалы бар адамдармен қатынасыңызға мән беріңіз. Басшылық, белді тұлғалар, әріптестермен қарым-қатынасыңызды одан әрі жақсартуға күш салыңыз. Алайда, артық кетпеңіз, жақсы ниетіңіз жағымпаздыққа ұласып кетпесін.

Бұл аптада көптеген Суқұйғыштардың бойында жаңа іс бастауға деген ынта оянады. Оған кедергілер де жоқ сияқты, алайда, басқалар сияқты, сіз де бейсенбіде маңызды шешім қабылдаудан абай болыңыз. Иделарыңызды жүзеге асыруды не сәрсенбіде үлгеріңіз, не жұмаға ысырыңыз. Ал, сенбі мен жексенбіні, тиісінше, тынығуға арнаңыз.

Балықтар

Балықтардың бұл аптадағы өмірін ертегіге теңеуге болар еді, әттең, қызмет саласында туатын ұсақ-түйек түйткілдер болмағанда... Қызметтік қақтығыстар, әріптестер арасындағы дау... Бірақ, сіз ешқайсысына араласпаңыз, көлеңкеде қалыңыз. Барлық мәселені өз күшіңізбен шешуге де талпынбаңыз. Шешім уақыттың еншісінде.

Қаржылық жағдайыңыз кісі қуантарлықтай, сондықтан, дүйсенбіден бастап сатып алатын заттар тізімін жасай берсеңіз болады. Дегенмен, сауда жасауға асықпаңыз, мұны жұма, сенбі күндеріне қалдырыңыз. Айтпақшы, бұл күндері алыстан қонақ келуі мүмкін, азық-түлігіңізді қамдап, күтіп алуға әзірлене беріңіз.

Махаббат мерекесінде ғажайыптар, тосын сыйлар мен қызықты оқиғалар күтіп тұр.