Апталық жұлдызнама - 12-18 наурыз

0
5 109

Сіз үшін түрлі шаруалардың басын шалуға нағыз қолайлы шақ болып тұр. Неғұрлым белсендірек болсаңыз, ісіңіз соғұрлым нәтижелірек болмақ. Ойыңызды құптаушылар қатары артып, қолдауға ие боласыз.


Апталық жұлдызнама - 12-18 наурыз

Фото: misanec.ru

Тоқты

Сіз үшін түрлі шаруалардың басын шалуға нағыз қолайлы шақ болып тұр. Неғұрлым белсендірек болсаңыз, ісіңіз соғұрлым нәтижелірек болмақ. Ойыңызды құптаушылар қатары артып, қолдауға ие боласыз.

Ешкімді ренжітіп алмауға тырысыңыз. Әсіресе, мансап баспалдағында өзіңізден төмен тұрғандардың көңіліне тиетін сөз бен істен сақтаныңыз. Сәрсенбі және бейсенбі күндері қоластыңыздағы қызметкерлермен көзқарас қайшылығы немесе келіспеушілік туындауы мүмкін.

Бұл аптада қаржылық жағдайыңыз тұрақтала бастайды. Бұл тұрғыда, әсіресе, сәрсенбі сәтті күн болмақ. Ірі көлемді сауда-саттық жасауға асықпаңыз. Алдымен сауда нүктелеріндегі және ғаламтордағы бағаларды қарап, салыстырып алыңыз.

Торпақ

Басшылық қызметтегі Торпақтарға кадр мәселесін қайта қарайтын уақыт келгендей. Егер, қызметте басшы болмасаңыз, отбасы мүшелерінің, ұл-қызыңыздың тәрбиесіне назар аударыңыз. Ал, сізге бағынатын тіптен ешкім болмаса, өзіңізді дамытумен айналысыңыз. Тек бір нәрсені бастамас бұрын бүге-шігесіне дейін ойланып алуды естен шығармасаңыз болғаны. Алдағы апта — тіл үйренуге және жаңа технологиялар тілін меңгеруге қолайлы уақыт.

Демалыс күндері шулы топта көңіл көтеруді оңашадағы демалыспен, әңгіме-дүкенді жақсы кітаппен алмастырғаныңыз жөн.

Қаржылай қорыңыз біртіндеп түгесіле бастайды. Ал, жаңа қаржылай түсім тек апта соңында ғана болуы мүмкін. Сондықтан, үнемшіл болыңыз. Сәрсенбі келісім-шарттарға қол қоюға сәтті күн.

Егіздер

Апта басы жағымды жаңалықпен басталады. Өзіңізді мақтап-марапаттауға мүмкіндік туады. Сәрсенбіде өзгелерді сынап-мінемес бұрын, өз мінсіздігіңіз жайлы ойланыңыз. Достармен жақсы қарым-қатынас көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі. Бұл аптада балаларыңыз жетістіктермен қуантатын болады. Демалыс күндері де көптеген қызықтар күтіп тұр.

Қаржы тұрғысына келетін болсақ, бұл аптада сізді табыс тосуда. Тың идеяларыңыз, төккен теріңіз, еңбек етуге деген құлшынысыңыз және істі оңтайлы шешуге деген талпынысыңыз өз нәтижесін береді. Келешегі бар жобалар пайда болады. Дүйсенбі немесе сейсенбі күндері ірі көлемдегі қаржы қалтаңызға түсуі мүмкін. Демалыс күндері осы табысыңызды жақын жандарыңызға жұмсауды естен шығармаңыз.

Шаян

Алдағы аптада сізге іскерлік ұсыныстар көптеп түскелі тұр. Олардың ішінен болашақта берері мол дегенін таңдаңыз. Апта басында өз қызығушылықтарыңызды қамтамасыз ету және өзгелерді ренжітіп алмау жолында біраз тер төгуге тура келеді. Әріптестеріңіздің бірімен қарым-қатынасыңыз қиындауы ықтимал. Бейсенбі күні өзіңіздің кері энергияңызды, нашар көңіл-күйіңізді айналаңызға таратпаңыз. Бұл күн онсыз да шиеленіске толы. Жексенбіде алыстан жағымды жаңалық жетеді. Әр нәрсеге мұқият болып, келіп тұрған тағдырдың сыйы немесе мүмкіндікті ұстап қалуға тырысыңыз. Демалыс күндері жұмыс жайлы ойларды жиып қойып, барынша тыныққаныңыз жөн.

Арыстан

Бұл аптада сіздің тілектеріңіз өз мүмкіндіктеріңізбен қарама-қайшы келеді. Талап-тілектеріңізді, ішкі қалауларыңызды шектей білсеңіз, мүмкіндіктеріңіз де арта түспек. Сейсенбі күні өз тарапыңыздан ешқандай бастамаға жол бермей, жаңалықтар мен келіссөздерді сырттай ғана бақылауға тырысыңыз. Жұмада әріптестеріңізбен әңгіме-дүкен құру көптеген жағымды әсерлер сыйлайды. Жексенбіде жұмыс пен мәселелерді ойдан шығарып, демалысты жанға жайлы жағдайда өткізуге тырысыңыз. Бұл аптада қаржылық жағдайыңыз бұрынғыға қарағанда тұрақтырақ болады. «Қалай ақша тапсам болады?» деп емес, «Тапқанымды қалай дұрыс жұмсасам болады?» деген ойға көбірек беріліңіз.

Бикеш

Бұл аптада айналаңыздағылармен мысық-тышқан ойынын ойнамай, сөзді де, істі де ашық және адал түрде жүзеге асырыңыз. Әріптестеріңіз сізден қолдау мен түсіністік күтеді. Күткенін бере білсеңіз, беделіңіз де арта түседі. Алайда, көмекті қолыңыздан келгенше ғана беріңіз. Өз мойныңызға өзге біреудің мәселесі мен міндетін артып алудың қажеті шамалы. Аптаның алғашқы жартысы қарбалас пен әбігерге толы болуы мүмкін. Бәсекелестермен белсенді күрес басталады. Осы күресте жеңіске жету арқылы өзіңізге де, өзгеге де шамаңызды дәлелдейсіз. Дүйсенбі және сейсенбі күндері қызметте келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Өзіңізге барынша жауапкершілік алмауға тырысыңыз. Сәрсенбі күні жаныңызда ірі көлемді ақша ұстамаңыз және әмияныңызға сақ болыңыз. Ал, бейсенбіде құжаттарға қол қояр сәтте ерекше мұқияттылық танытыңыз.

Таразы

Бұл аптаны атқарған ісіңіздің есебін беруге, қорытынды жасауға арнаңыз. Жақын күндерде жаңаны байқап көру, тәжірибе жасап көру сынды әрекеттердің қажеті шамалы. Ең дұрысы — тексерілген әдістерге жүгіну. Жұлдызшылар дүйсенбіде жаңа серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнатпауға кеңес береді. Аптаның екінші жартысында қызметіңізде аздаған қиындықтар туып, серіктестеріңізбен арада келіспеушілік орын алуы мүмкін. Отбасында да ортақ шешімге келу аздап қиындық туғызады. Бұл аптада қаржылық жағдайыңызды жақсартуға және тұрақтандыруға мүмкіндік туады. Тек, тапқан-таянғаныңызды жұмсауға асықпаңыз. Күтпеген жерденжоспарланбаған шығындар аяқтан шалуы ықтимал.

Сарышаян

Бұл аптада кәсіп жолы мен жеке өмір жолы сабақтаса өрілгелі тұр. Іскери жобаларды дос не туыстарыңызбен бірге қолға аласыз. Сейсенбі күні бөгде адамдармен қарым-қатынаста абай болыңыз. Тек сөз бен іске ғана емес, ойларыңызға да мұқият болыңыз. Сәрсенбі күні жағдай сіз үшін жақсы жаққа қарай ойысады. Қалтаңызды қосымша табыс қомпайтқалы тұр. Апта соңында жобаңыздың нәтижесін көресіз.

Дүйсенбі күні қызықты ақпарат келіп түседі. Сейсенбі – пайда түсіреді. Бейсенбіде басшылық сіздің идеяларыңызды жақсы бағалайды. Ал, демалыс күндері тынығуға, қыдыруға және адамдармен араласуға баса көңіл бөліңіз.

Мерген

Бұл аптада қарапайымдылығыңыз сізді көптеген түсініспеушілік пен келіспеушіліктерден қорғайды. Алайда, өз құқықтарыңыз бен орныңызды айқындау үшін аздап күш салуға тура келеді. Көпсөзділікке жол бермей, жанды тұстарыңызды өзгелердің көзіне түспейтіндей етіп жасырыңыз. Бұл маңызды істерді шешуде кедергі болмайды және қателіктерден сақтайды.

Апта бойында сізді қаржылық тұрақтылық қуантатын болады. Дүйсенбі келісім-шарт жасау және іскерлік келіссөздер жүргізуге сәтті күн. Қымбат мүліктер мен көңіліңіз қалаған ұсақ-түйектерді сатып алуды жексенбіге қалдырыңыз.

Тауешкі

Бұл апта— құндылықтарды қайта қарауға, өмірге, болашаққа деген жоспарларыңызды құруға қолайлы күндер. Кез келген нәрсені ұзақ мерзімді деп қарап, болашақ тұрғысынан бағалаңыз, келешегі бар істі ғана қолға алыңыз. Сейсенбі күні жұмысыңыздан, атқарған ісіңізден аздап қателіктер шығуы мүмкін. Бұл сіздің зейінсіздігіңізден емес, шаршаңқылығыңыздың салдары. Бейсенбі күні жоспарларыңызда айтарлықтай өзгерістер туындауы ықтимал. Жұмада жиналып қалған мәселелерді шешу үшін біршама күш салуыңызға және ұзақ уақыт еңбектенуіңізге тура келеді.

Қаржы жағына келсек, бұл аптада қалтаңызға түсер табыс көлемі аса қомақты емес. Сондықтан, ірі сауда-саттықтарды әзірше кейінге қалдыра тұрыңыз.

Қызметіңізде өзгерістер болуы мүмкін, тіпті, басшыңыздың ауысуы да ғажап емес.

Суқұйғыш

Бұл аптада табысқа және жетістікке жетемін десеңіз, қарқынды болмаса да, үздіксіз еңбектенуге тиіссіз. Бар шаруамды бітірдім деген күннің өзінде екі қолыңызды бос қойып отырмаңыз. Жоспарларыңызды жүзеге асыру өз белсенділігіңіз бен жұмсаған күш-қуатыңызға тікелей байланысты. Бейсенбіде сүйікті ісіңізбен айналысу арқылы жоғалтқан күш-қуат қорын қайта толықтырып аласыз. Жақындарыңызға барынша қамқорлық танытсаңыз, өзіңізге де тура солай жауап қайтады. Қаржы мәселесінде нақты қадамдарыңызды айқындап алыңыз. Олай етпеген жағдайда қолыңызға түскен ақша келгенінен де жылдам кететін болады.

Балықтар

Бұл аптада барлық жоспарларыңыз оң шешімін табады. Сейсенбі күні ісіңіз бен ойыңызды барынша реттеп, маңызды жаңалық не өзгеріске дайын болыңыз. Өкінішке орай, жоспарлар арасында іскерлік келіссөздер болса, олардың сәтті өтетініне күмән бар. Бірі кешігудің, бірі келіспеушіліктің салдарынан, әйтеуір бір себеп табылып, нәтижесіз аяқталуы ықтимал. Қандай жағдай болса да, келісімшартқа қол жеткіземін деп сенімді болмағаныңыз, көп күш салмағаныңыз абзал. Қаржы тұрғысында аптаның алғашқы жартысы барынша сәтті және тұрақты өтеді. Сәрсенбіде жаңа қаржылай түсім болуы мүмкін. Алайда, сәттілік сізге үнемі серік бола бермейді. Сондықтан, демалыс күндері қаржы жұмсауды барынша азайтқаныңыз жөн. Алда одан да маңыздырақ нәрселерге қажет болып қалуы әбден мүмкін.

Аударған: Айгерім Мейірханқызы

ERNUR.KZ