​Әйелдерге арналған апталық жұлдызнама: 5-11 наурыз

0
1 640

Ұсақ-түйектің өзінен жақсы жақтрын көруді үйреніңіз, өйткені, барлық нәрсе өтпелі. Сол өтпелінің бәрін позитивті күймен қарсы алып-шығарып салу өз қолыңызда. Дүйсенбі күні Тоқтылардың көпшілігіне тиімді іскерлік ұсыныстар түседі.


​Әйелдерге арналған апталық жұлдызнама: 5-11 наурыз

Тоқты

Ұсақ-түйектің өзінен жақсы жақтрын көруді үйреніңіз, өйткені, барлық нәрсе өтпелі. Сол өтпелінің бәрін позитивті күймен қарсы алып-шығарып салу өз қолыңызда. Дүйсенбі күні Тоқтылардың көпшілігіне тиімді іскерлік ұсыныстар түседі. Сейсенбі де қызметтік қарбаласқа толы болмақ. Мерекелік демалыс күндері нәзік жанды Тоқтыларды тосын сыйлар күтіп тұр, ол жаңа жағымды таныстық болуы да мүмкін. Мерекені таза ауада, табиғат аясында өткізуге тырысыңыз.

Торпақ

Сырт келбетіңізге көбірек мән беріңіз, бейнеңізді өзгерту үшін уақыт пен қаржыдан аянып қалмаған дұрыс. Себебі, дәл осы уақыттардағы жаңа образыңыз жеке өмірде ғана емес, қызметте де жаңа табынушыларды тартуы мүмкін. Тартымды келбетпен қоса, бұл күндері дипломатиялық қабілет те қатты қажет болады. Себебі, сейсенбіде әріптестермен не басшылықпен арада пікірталас тууы мүмкін. Өз пікіріңізде қатып қалмай, компромиске баруға тырысыңыз. Қаржылық жағдайыңыз айтарлықтай жақсарады. Алайда, оны жұмсауға асықпаңыз. Көлемді сауда-саттықты жұмаға қалдырыңыз.

Егіздер

Бұл аптада көп жағдайлар сізді соқыр тәуекелге бас тігуге итермелейді. Сондықтан, жұлдыздар бәрін ақылмен шешуге кеңес береді. Жұмысыңызға асқан жауапкершілікпен қараңыз, дүйсенбі күні басшылармен егесіп қалуыңыз мүмкін. Егер өзіңіздің құнды қызметкер екеніңізді іспен дәлелдесеңіз, бұл егес оңай шешіледі. Сейсенбі — жаңа нәрсе үйренуге сәтті күн. Сәрсенбіде жұмыс қарқынын аздап кідіртіп, шопинг, достармен кездесу немесе отбасымен табиғат аясында сейіл құру сынды демалысқа орын берген жөн.

Шаян

Көктемнің бұл күндері Шаяндарға қызметін өрлетіп, табысын арттыруға уәде беріп тұрғандай құдды. Бірақ, соған сеніп екі қолды бос қойып қарап отырмаңыз, қызметтік және қаржылай тосынсыйлар тек еңбекқор жандарға ғана беріледі. Дүйсенбіде түйсігіңізге көбірек құлақ асыңыз, ол сізді қателік пен бәсекелестермен бетпе-бет келуден сақтандырады. Сейсенбіде іскерлік серіктестермен де, әріптестермен де, басшылықпен де ерікн әрі ашық сөйлесіңіз, олар сіздің идеяларыңыз бен атқарған істеріңізге ризашылық танытады. Жұмада маңызды іс күтіп тұр, жақсы атқара алсаңыз, мол табысқа кенелесіз. Демалыс күндерін үйде, тыныштықта өткізгеніңіз дұрыс.

Арыстан

Алға нақты мақсат қойыңыз, қиял мен арман әлемінң сирегірек саяхаттаңыз, сонда мақсатыңызға жылдам жетесіз. Апта басы көптеген маңызды кездесулер мен пайдалы байланыстар ұсынады. Шығармашылық және қаржылық жағдайыңыз жақсарғалы тұр. Сәрсенбіде үй-ішіне арнап мереке ұйымдастырыңыз, бірақ алдын-ала олардыңне қалайтынын сұрастырып алуды ұмытпаңыз. Жеке құпияларыңызды ешкіммен бөліспеуге тырысыңыз, бұл аптада сәттілік сыр сақтай білетіндермен бірге. Бейсенбі мен сенбіде Арыстандарды романтикалық сәттер күтіп тұр.

Бикеш

Бикештер бұл аптада да сәттіліктің өзіне серік екенін сезінетін болады. Алайда, оған сеніп тым босаңсуға да болмайды. Дүйсенбіде ескіден келе жатқан мәселенің шешімін табуға және тым белсенді бәсекелестермен сайысуға тура келеді. Оларды тезірек шешіп, мерекеге әзірленіңіз. Апта соңында айналаңызға мұқият қараңыз, тағдыр сізге бірнеше белгі жіберуі мүмкін. Демалыс күндері бірнеше кездесу күтіп тұр және олар жай кездейсоқ кездесу болмауы да мүмкін.

Таразы

Өзіңізге пайда келтіретін іспен ғана айналысыңыз, бос сөз бен өсек-аяңнан аулақ болыңыз. Бұл аптада қызметте даулы оқиғалар орын алуы мүмкін, тіпті, әріптестермен сыйлы қарым-қатынас пен өз менмендігіңіз араында таңдау жасауға тура келуі де ықтимал. Сәрсенбіде үйде қосымша жұмыс жасаға ұсыныс түседі. Бірақ, оны қабылдауға асықпаңыз, ең алдымен өз денсаулығыңыз бен мүмкіндіктеріңізді, жақындарыңыздың көзқарасын саралап алыңыз. Мерекелік көңіл-күй үй шаруаларын атқаруға кедергі келтірмеуге тиіс. Себебі, бейсенбі-жұма күндері жақындарыңыз сіздің жауапкершілігіңізге иек артады. Демалысқа ештеңе жоспарламасаңыз да болады, себебі, достарыңыз табиғат аясында сейіл құруға не мәдени шараларға шақырады.

Сарышаян

Сіз үнемі көшбасшыыққа ұмтыласыз, ал жұлдыздар наурыздың осы аптасында қарқыныңызды аздап бәсеңдетуге кеңес береді. Жақсы таныс емес жандарға жоспарларыңызды ашпаңыз, маңызды шаруаларды көлеңкеде басқарыңыз. Сәрсенбі менбейсенбіде сүйікті адамыңызбен арадағы қатынасты талқылауға тура келуі мүмкін. Кішкентай болса да сыйға қуана біліңіз. Апта соңында қаржыға қатысты өзгерістер туындап, қалтаңыз қомпая түседі. Ол ақшаны отбасыңызға, гардероб жаңартуға жұмсасаңыз, көңіл-күйіңіз көтеріліп, мереке де ойдағыдай өтеді.

Мерген

Апта басында қызметіңізге баса мән беріңіз. Тапсырмаларды қаншалықты ерте орынжасаңыз, өзіңізге соншалықты жақсы болмақ, мерекені еш уайымсыз өткізесіз. Дүйсенбі тиімді келісімшарттарға толы. Алайда, ақырын жүріп, аңдап басыңыз, түйсігіңізді тыңдаңыз. Сүйікті адамыңыздан көптен күткен жүрекжарды сөздер естисіз. Жұма күні күтпеген жерден қалтаңызға қаражат түседі. Оны жұмсауға асықпаңыз, сауда жасауды жексенбінің еншісіне қалдырыңы.

Тауешкі

Бұл аптада қиындықтар бола қоймайды, дегенмен, өз ісіңізге берік болыңыз. Алдымен жұмысыңызды тындырып, көңіл көтеруді содан кейінгі орынға қойыңыз. Апта басында кездесу өткізсеңіз де, келісімшартқа отырсаңыз да, сәтті аяқталғалы тұр. Бейсенбі романтикалық тосынсыйлар күні болайын деп тұр. Қала сыртындағы сейіл, табиғат аясында тамақтану сынды демалыстарға шақыру аласыз. Ал, сенбіні тұрмыстық шаруалар машақатымен өткізуге тура келеді.

Суқұйғыш

Көктемнің бұл күндері сіз үшін іскерлік қарым-қатынастар орнатуға сәтті болмақ. Алайда, бар уақытыңызды жұмыс пен серіктестерге арнамай, отбасыңызға да көңіл бөлгеніңіз жөн. Дүйсенбі мен сейсенбі жаңа білім алуға, ойыңызды жүзеге асыруға қолайлы. Сәрсенбі-бейсенбі күндерін достармен туыстарға арнаңыз. Демалыс күндері дүкен аралау, қала сыртындағы демалыс аса пайдалы болмақ.

Балықтар

Бұл аптада қаржылық сәттілік сізбен бірге. Сондықтан, қаржылай келіссөздерге батыл қадам жасауыңызға болады. Алайда, күмән туғызатын келісімдерге абай болыңыз, сейсенбіде алаяқтар арбауына тап болу мүмкіндігі жоғары. Сәрсенбі мен жұма күндері аралығында жақындармен жылы жүздесулер күтіп тұр. Ал, сенбіде отбасының үлкендерімен ұзын-сонар әңгімеге әзір болыңыз.

Дайындаған: А. Бектұрғанова

ERNUR.KZ