​Бір-бірі үшін жаралған жандар екенін қалай білуге болады?

0
1 358

Бұл белгі иелері бір-бірін мінез-құлық жағынан керемет толықтырады.


​Бір-бірі үшін жаралған жандар екенін қалай білуге болады?

Дәл осы жұптар бір-бірін ешқашан тастамайды, қандай жағдай болса да, бірге күреседі. Кім үшін жаралдыңыз, сіздің екінші жартыңыз кім – жауабын төменнен біліңіз.


ЕГІЗДЕР мен СУҚҰЙҒЫШ

Бұл белгі иелері бір-бірін мінез-құлық жағынан керемет толықтырады. Әрқайсысы кемел тұлға бола тұра, біріккен кезде айналасында жайлылық, тыныштық орната алады. Өз тәуелсіздігін сақтай отырып, бір-біріне қаншалықты қажет екендіктерін де терең ұғынады. Дәл осы нәрсе қарым-қатынастарының дамуына негіз болады. Олардың арасын үлкен шығармашылық байланыстырады. Екеуі де жан-жақты, қызығушылықтары мол, бойы қуатқа, ойы идеяларға толы. Бір-бірін өте жақсы түсіне алатын терең байланыстары бар. Екеуі де ақылды, қызықты әңгіме-дүкен құра алады. Сондықтан, отбасылық өмірлері – таусылмайтын әңгіме.


ШАЯН мен БАЛЫҚТАР

Екеуін байланыстыратын ең басты нәрсе – сезімталдықтары. Араларында рухани және эмоционалдық байланыс өте күшті, сондықтан бір-бірін тамаша түсінеді. Сезімталдық, қамқорлық, түйсікке сүйену және өмірге позитивпен қарау жағынан бір-бірін толықтырады. Қиялшыл Балықтар Шаянға рухани даму жолында көмектессе, Шаян өз кезегінде Балықтарға қиялындағы идеяларды жүзеге асыруға жәрдем береді.


БИКЕШ пен ТОРПАҚ

Екеуі де реалист, практик, перфекционист, істің адамдары. Өмірге бірдей идеалдық көзқараспен қарайды. Еңбекқорлық пен жауапкершілік деңгейлері де бір шамада. Бастапқыда бір-біріне үйренісулері аздап қиын болар. Алайда, бойларын үйретіп алған соң өзін екінші жартысына толықтай арнап, арақатынастары өте жақсы жалғасады. Материалдық дүниеге мән беретін, әр затқа ұқыппен қарайтын, сенім мен жауапкершілікті бірінші орынға қоятын қырлары ұқсас болғандықтан, дәл осы нәрсе қарым-қатынастарының ұзаққа созылуына сеп болады.


ТАРАЗЫ мен ЕГІЗДЕР

Олар ақыл-ой деңгейі жағынан шамалас. Бір-бірін жақсы түсінеді әрі өздерін мінсіз жұп ететін не екенін нақты біледі. Ғашықтықтарын өте табысты ортақ жоба не кәсіпке ұластыра алады. Таразы Егіздердің адамдармен тіл табысқыштығын жоғары бағалайды. Ал Егіздер Таразының позитивтілігі мен жоғары талғамына ғашық. Екеуі де көпшілік ортаны, қоғамдық іс-шараларды жақсы көреді. Көп жерде бірге төбе көрсетіп, адамдардың қызығушылығын тудыратын, көрген көз сүйсінетін жұп болады.


САРЫШАЯН мен ШАЯН

Олардың арасында өте күшті эмоционалдық байланыс бар. Екеуі де қарым-қатынастан бірінші кезекте қауіпсіздік іздейді. Іздегенін бір-бірінен табады. Эмоционалдық қажеттіліктерін де қанағаттандыра алады. Қарым-қатынастары адалдық пен құмарлыққа құрылады. Бір-біріне керегін бере алатындықтан, арақатынастары толыққанды болады әрі ұзаққа созылады.


МЕРГЕН мен АРЫСТАН

Үнемі қаны қызып, іші лаулап тұратын Мерген мен Арыстанға бір-бірімен ғана қызық. Басқа белгі иелерімен іші пысады. Ал екеуі бірге жүрсе керемет жұптық құрады әрі ұзаққа барады. Себебі, өздерін жақсы түсінетін, көзқарастары ортақ, қызығушылықтарын бөлісетін жанға ғашық болу қиынға соқпайды.


ТАУЕШКІ мен ТОҚТЫ

Оларды қарапайымдылықтары бір арнада тоғыстырады. Екеуі де толығымен адал және ұзақ мерзімді қарым-қатынастарға сенеді. Ең бастысы, еңбекті бағалайды. Осы қырлары және ақша мен мүлікке деген сүйіспеншілігі оларды керемет жұп етеді.

Романтикаға әуес Тоқты Тауешкінің қарапайым өміріне жарқын бояулар қосады. Ал Тауешкінің еңбекқорлығы, ізденімпаздығы Тоқтыны жетістікке жетелейді.


ТОҚТЫ мен МЕРГЕН

Шытырман оқиғалы өмірді ұнататын Тоқты мен Мерген керемет жұп болады. Екеуі де от белгілері болғандықтан, олардың қарым-қатынасы ыстық болады, құштарлықтары оңай басылмайды. Энергияға толы және көңіл көтеруді ұнататын ортақ тұстары бір-бірімен керемет байланыс орнатуға жол ашады. Екеуі біріккенде бар энергияларын мәселелерді бірге шешуге, әлемді саяхаттауға, жаңа нәрселерді көруге және бір-бірін ашуға жұмсайды.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ӨЗІҢЕ ҚАМҚОРЛЫҚТЫ неден бастау керек?