Күйеуіңіз разы болсын десеңіз...

0
2 704

Күйеуіңіз разы болсын десеңіз... Иә, жұлдызнама бойынша күйеуіңіздің әйелдер бойындағы қандай қасиеттерді жаратпайтынын білгеніңіз артық болмас.


Күйеуіңіз разы болсын десеңіз...

Күйеуіңіз разы болсын десеңіз... Иә, жұлдызнама бойынша күйеуіңіздің әйелдер бойындағы қандай қасиеттерді жаратпайтынын білгеніңіз артық болмас.

Тоқты

Тоқты отағасылар отбасының бақыты үшiн бәрiне барады. Сүйiктi адамымен бақытты болу үшiн тағы бiр қымбат нәрсесiн құрбандыққа шала алады. Ерiңiзге толықтай сенуiңiзге болады, себебi, терiс жүрiстi жақтырмайды. Махаббатқа адал.

Тоқты ерлердің ұнатпайтыны — қызықсыз, көңiлсiз, тым тұйық, бiрсарынды, тұрмыстық нәрселерді ғана ойлайтын әйел. Мұндай мiнезбен оны жалықтырып алу әбден мүмкiн. Есесiне, оған өзi кездестiрген әйелдердiң iшiндегi ең жақсысы өзiңiз екенiңiздi көрсете білсеңiз, бақыттарыңыз баянды болмақ. Олардың қызғаншақ болатынын да ескерте кетейiк. Отасқандарыңызға қанша жыл болғаны маңызды емес. Ерiңiз Сiзге ыстық сезiмiн бiлдiрiп жатқанда, оны салқынқанды тыңдап қоя салмаңыз. Сiз де барынша жан жылуыңызды сыйлап бағыңыз. Арасында аздап жұмбақтау болсаңыз, өзiңiзге деген қызығушылығын қайта жаңғыртып отырасыз.

Торпақ

Сiздiң жаныңызда өзiне сенiмдi, адал, мейiрiмдi азамат. Оның әлсiз әйелге қорған болып жүргенiне 100 пайыз сенiмдi болуына жағдай жасаңыз. Кейде оның жарына деген қамқорлығы әкенiң аялы алақанына ұқсап кетедi. Романтикаға да бейiм. Ол танысқан, бас қосқан күндердi, басқа да атаулы күндердi есiнен шығармайды. Туған күнiңiзге пайдасыз болса да, мәнiсi зор заттар сыйлай бiледi. Айлы аспан астында серуендегендi ұнатады. Сондықтан, ол шақырған кезде күйбең тiршiлiгiңiздi алға тартпай, бәрiн ұмытып, романтикаға берiле кетуге сiз де дайын болыңыз. Торпақтар отбасының бақытты болуы өз қолында екенiн жақсы бiледi. Олар адуынды, дөрекi әйелмен бiр шаңырақ астында тұруға төзбейдi. Көзқарастарыңыз екiге айрыла қалса, өз ойыңызды дәлелдеймiн деп сөз таластырып, кикілжiң тудырмай-ақ қойғаныңыз абзал. Араларыңызды алыстатып аласыз.

Егiздер

Егiздер үшiн жанындағы адамдардың қамқорлығын, махаббатын, жылуын сезiну аса маңызды. Осы жағына көп көңiл бөлiңiз. Олар жалғыздықты ұнатпайды. Көпшiлiк ортада өзiн еркiн сезiнiп, сүйкiмдi адамға оңай айналады.

Бiрде көл, бiрде шөл болатын Егiздердiң көңiл күйiнiң құбылмалылығы сiзге аздап ауырлық тигiзуi мүмкiн. Оған қоса, романтиканың жоқтығына да төзуiңiзге тура келедi. Егiздермен кұрған шаңырағыңыздан тұрақтылық, жылулық, жайлылық, үйлесiмдiлiк дегендердi iздеп әуреге түспеңiз. Есесiне, ерiңiздiң рухани қызығушылықтарын бөлiсуге, үй тiршiлiгiне байланып қалмай, ол қалаған кезде бәрiн өзгерте салуға әзiр болыңыз.

Шаян

Күйеуiңiз сырттай салқынқанды, дөрекi көрiнгенiмен, оның жүрегiнде аяушылық, түсiнгiштiктiң жасырынып жатқанын сiз жақсы бiлуге тиiссiз. Ол әйелдерге тым сыпайы болады. Осынысы үшiн қызғаныш білдіретін болсаңыз, араларыңызда ренiш тудырасыз. Сондықтан, жолдасыңыздың әйелдерге деген сыпайылығын оның жақсы қасиет екенiн мойындап, қызғанышқа жол бермеуге тиiссiз.

Арыстан

Арыстандар өз бағасын жақсы бiледi. Әрине, дене бiтiмi сымбатты, шымыр, тартымды болса, солай болмағанда ше?! Оған қоса, сәнді, жарасымды киiнудi де жақсы көредіә әрі қолынан келеді. Сондықтан өзгелердiң назарына тез түседi.

Арыстандар да романтикаға бейiм. Құлағына тәттi сөздер сыбырлап, махаббатыңыз бен шаттыққа бөлеп, мақтап-мадақтап отырсаңыз, тордағы арыстан емес, марғау мысығыңыз сияқты жаныңыздан шықпайтын болады. Ол да бар жақсысын сiзге арнап, гүлiн де, сыйын да, жүрекжарды хатын да сiзге ғана сыйлайтын болады. Бiр жаманы, олар сүйiктiсiнiң қалай киiну керектiгiн, шаш үлгiсiн, кiммен достасатындығын — бәрiн өзi шешкiсi келедi. Арыстандар сұлулықты жоғары бағалайды, айналасындағы әдемiлерге көз салмай жүре алмайды. Сондықтан, өзiңiзге күтiм жасап, оның сiзден көзiн айыра алмайтындай етiп жүруге тиiссiз.

Бикеш

Олар сезiмге тым берiлгiш емес. Есесiне, қызмет десе, iшкен асын жерге қояды. Олар үшiн махаббат деген жалындаған сезiм емес, бауыр басушылық. Ең ұлы махаббат оның адал жары мен балалары. Бикештер басқан iзiн аңдығанға, еркелiк пен тым сезiмталдыққа төзе алмайды. Есесiне, өз денсаулығы үшiн өзгелердiң алаңдағанын iштей қалайды. Өзi де жақындарының денсаулық жағдайына көп назар аударады. Тағы бiр жақсысы, әйелдер үшiн маңызы зор ұсақ-түйектерге Бикештер де көңiл аударады. Бұл тұрғыда көзқарастарыңыз бiр шығары анық.

Таразы

Таразы жаныңызда болса, тегiн кеңесшiм дайын деп бiлiңiз. Ол көп жағдайда оңай жолды тез табады. Тек жақын қарым-қатынасқа келгенде дұрыс шешiм таппай дағдаруы мүмкiн.

Қанша жерден қатты жақсы көрiп тұрса да, Таразылар адам жанын түсiнуге, iшкi сырын бiлуге ұмтылыс жасамайды екен. Ол «бұл неге бұлқан-талқан болып ашуланып жүр?» не болмаса «қандай қуаныштан төбесi көкке екi-ақ елi жетпей тұр?» деп бас қатырмайды. Осынысынан кейде немқұрайлы, кейде тiптi қатыгез адам болып көрiнедi.

Қонақ шақырғанда күйеуiңiздiң пiкiрiмен санасқанды жөн көресiз бе? Онда тым көп қонақ күтуге дайындалмағаныңыз жөн. Себебi, Таразылар шулы ортаны ұнатпайды екен. Олар қонақ санын шектеп, тек сыйлы адамдарды барынша мол дастарханмен қарсы алғанды құп көредi.

Сарышаян

Сарышаяндардың екi түрi болады екен. Бiрiншiлерi ақсүйек мiнездi, ашық-жарқын, өзiне сенiмдi адамдар. Олар барлығына өз күштерiмен жетедi. Екiншiлер — тасадан тас ататын, қу, өз мақсатына қиыс жолмен жетудi көздейтiндер. Екеуiне де ортақ нәрсе — мақсатына жетуге деген ұмтылыс. Сондықтан, ол алдына қандай меже қойса да, жолына кесе көлденең тұрмауға тырысыңыз. Оның iшкi әлемi сiз үшiн жұмбақ болуы мүмкiн, бiрақ ол сiз туралы бәрiн бiледi. Одан бiр нәрсе жасыру қиын екенiн сiз бiлуге тиiссiз.

Мерген

Мергендерге бiржақты сипаттама беру қиын. Себебi, олар үнемi iзденiс үстiнде жүредi әрi жиi өзгерiп тұрады екен. Олар өте беймаза адамдар. Үнемi бiр iспен айналысып, бiр жаққа асығып, тiптi болмаса бiреуге көмек қолын созумен әуреге түсiп жүредi. Тiл байлығы мол, қиялы кең. Оған қоса, нағыз арманшылдардың қатарынан. Шындыққа жанаспайтын нәрселерді қиялдап, орындалмайтын арман екенiн бiлсе де, соны аңсауын доғармайды. Осындай қиялшыл тұлғаның отбасылық өмiрдiң тар аясына сыюы да оңай емес. Мергендер отбасының ұсақ-түйегiнен гөрi қоғамдық, ғаламдық мәселердiң шешiмiн iздегендi дұрыс көредi. Сондықтан, Мергенмен ымырашылдықта тұрмыс құру үшiн түсiнiгiңiз кең, қызғаншақтыққа бой алдырмайтын, байсалды, оның назарына ие болу үшiн аздап әртiс те болуыңыз керек. Ең алдымен, оған толықтай еркiндiк берiп, сенiм артатыныңызды бiлдiрiңiз. Өмiрге соның көзқарасымен қарауды үйренiңiз, жомарт болыңыз. Бірге спортпен айналысып, саяхатқа шығудан бас тартпаңыз.

Тауешкi

Бұл белгi аясында дүниеге келгендер сырттай қатаң қағидамен жүретiн, бiртоға, байсалды және тек iстiң адамы болып көрiнедi. Алайда, iшкi әлемiне үңiлсеңiз, көңiлдi, арманшыл, жаны нәзiк, жүрегi жараланғыш романтиктi көресiз. Тауешкiлер бұл қырын сыртқа шығарғысы келмегендiктен, ол жүрегiнiң терең түкпiрiнде тығылып жатады. Түкпiрде жатқан мiнездердiң бiрi — құрмет пен мақтау сүйгiштiк. Сондықтан, еріңізге деген құрметіңізді ашық білдіріп, мақтау сөздеріңізді аямаңыз. Тауешкiлер қандай жағдайда да отбасын бiрiншi орынға қоятын жандардың қатарында. Неке — олар үшiн ең қасиеттi ұғым.

Ерiңiздiң ойынан толықтай шығу үшiн алдымен оның туыстарының көңiлiне жағуға тиiссiз. Киiмге келгенде де оның пiкiрiн ескергiңiз келсе, қарапайым әрi талғаммен киiнуге мән берiңiз. Тауешкiге сезiмдерiмен бөлiсiп, махаббатын жиi жеткiзiп отыру жат нәрсе, бұған үйренуге тырысыңыз. Дұрыстап қарасаңыз, оның сiздi қаншалықты жақсы көретiнiн iсiнен-ақ аңғарып аласыз.

Суқұйғыш

Олар өте әдептi адамдар, отбасы мүшелерiне де, таныс және бейтаныстардың барлығына да үлкен құрметпен қарайды. Ашық-жарқын, достыққа адал, әдiл. Оған қоса, кез келген нәрсенiң астарына үңiлiп, зерттей кетуге бейiм. Оған айналадағы заттар мен көзге көрiнбейтiн, қиырдағы аң-құсқа дейiн барлығының шыққан тегiн бiлу қызық. Оның осы әлсiз тұсын сiз де аздап пайдаға асырсаңыз болады. Мiнез-құлқыңызды да, iсiңiздi де кiшкене жұмбақтау қылып қалдырыңыз. Сонда, оның қызығушылығы сiзге қарай ауатын болады.

Балықтар

Балықтар үшiн наным-сенiмнiң, жақсы қасиеттердiң аса маңызы жоқ, атақ пен байлыққа ұмтылмайды, есесiне, оңайлықпен алдана қоймайды, ойланып сөйлейдi, көп нәрседен хабары бар, романтик әрi әсерге берiлгiш.

Оған кез келген сырыңызды сенiп айтуыңызға болады. Балықтар да жақындарының сырға берiк болғанын ұнатады екен.

Балықтардың көпшiлiгi ерекше нәрелерге әуес келедi. Мәселен, дзенбуддизм, астрология, хиромантия, йога секiлдiлер олардың осал тұсы. Осы салаларда аздап ізденіп, қызықты ақпараттарға қанық болып, күйеуіңізбен бөліссеңіз, ортақ тақырып араларыңызды одан сайын жақындата түсуге сеп болады.