​Осы МІНЕЗІҢІЗ сізге барлық уақытта КЕСІРІН тигізеді

0
1 147

Арылсаңыз, адамдармен арақатынас құру жеңілдейді, кез келгеннің тілін оңай табатын боласыз.


​Осы МІНЕЗІҢІЗ сізге барлық уақытта  КЕСІРІН тигізеді

Арылсаңыз, адамдармен арақатынас құру жеңілдейді, кез келгеннің тілін оңай табатын боласыз.


ТОҚТЫ – ҚЫЗУҚАНДЫЛЫҚ

Осы мінезіңізден істің байыбына бармай жатып шешім шығарып қоясыз. Салдарынан көп жағдайда адамдарды ренжітіп аласыз. Осы себептен сізде достар аз, туыстарыңыз алыс.


ТОРПАҚ – СЕНІМСІЗДІК

Сіз – өзіңізге сенімсізсіз. Соның кесірінен өзгелер де сізді сенуге болатын, арқа сүйей алатын адам ретінде көрмейді.


ЕГІЗДЕР – ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ

Көп жұмыс істеу табыс пен жетістік әкеледі, алайда, жақын адамдарыңды азайтады. Сіз жұмыстан бас алмай, басқаларға уақыт бөлмей жүре берсеңіз, көп ұзамай сізге де уақытын, көңілін бөлетін адам қалмайды.


ШАЯН – КҮМӘНШІЛДІК

Адамдардың бәрі бірдей қара ниетті, арам пиғылды емес. Арасында сізге шын көңілімен, ақ пейілімен қарайтындар да кездеседі. Бәріне шектен тыс күдік-күмәнмен қарасаңыз, оларды өзіңізден алыстатып аласыз. Барлық жағдайға қорқақтап қарап, батыл қадам баса алмайтыныңыз да айналаңыздағыларды шаршатады.


АРЫСТАН – МЕНМЕНДІК

Кеудемсоқтықты басып, басты июді үйреніңіз. Адамдарды өз меншігіңіз не қызметшіңіз санауды доғарыңыз. Әйтпесе, ешбір әріптес те, дос та, туыс та, басқа жан да сізге шын жақын, жанашыр, сырлас болғысы келмейді.


БИКЕШ – ТЫМ КӨП ОЙЛАНУ

Терең ойлау – жақсы қасиет. Бірақ сіз шектен шығып кетесіз. Пәлсапашыл мінезіңізден, бітпейтін талдау-сараптауыңыздан, таусылмайтын ақыл-кеңесіңізден өзіңіз рахат алғанмен, айналаңыздағы адамдар қажып кетеді. Кейде ойды өшіріп, өмірге, жағдайларға жеңілірек қарап, миды тынықтыру да керек.


ТАРАЗЫ – СЕНІМСІЗДІК

Өзіңіз қалаған нәрсені істеп, айтқыңыз келген сөзді айтпайсыз. Басқалар сізден не күтеді, не естігісі келеді – соған сәйкес болуға тырысасыз. Алайда мұныңызды өзгелер игі ниет деп емес, екіжүзділік, алдау деп қабылдайды. Сондықтан сізбен жақын әрі ұзақ арақатынас құруға құмартып тұрған ешкім жоқ.


САРЫШАЯН – САЛҚЫНДЫҚ

Іштей біреумен жақын араласуды қалағанмен, оған мұны білдіргіңіз келмейді. Адамдармен салқын сөйлесесіз. Өзіңізді тәуелсіз, тәкаппар, ешкімге мұқтаж емес кісіше көрсеткіңіз келеді. Сіздің осындай салқындығыңыздан кейін ешкім келіп «Менімен дос болшы, жақын араласайық, сырлас болайық» деп жалынбайтынын ұмытпаңыз.


МЕРГЕН – ЖЕҢІЛ ОЙЛЫЛЫҚ

Барлық нәрсеге тым жеңіл қарағыңыз келеді. Алайда, достық болсын, махаббат болсын, қандай да бір қарым-қаптынас құрсаңыз, оның жауапкершілігі, салмағы болатынын да ескеріңіз. Соны көтере білсеңіз ғана, басқалар да сізбен арақатынасына байыпты қарайды.


ТАУЕШКІ – МІНСІЗДІК

Өзіңіздің мінсіз қалпыңызды құрастыруға барынша тырысасыз. Басқалардан да соны талап етесіз. Бірақ, сіз қанша қалағанмен, мінсіз адам болмайды. Сондықтан, жақын жандарды бойындағы бар кемшіліктерімен қабылдап үйренген абзал.


СУҚҰЙҒЫШ – ЖҰМСАҚТЫҚ

Адамдарға тым жұмсақсыз, ақкөңіл, аңқаусыз. Бұл мінезіңіздің үлкен екі зияны бар. Біріншісі – басқалардың сізді пайдаланып, алдап кетуі көп орын алады. Екіншісі – содан кейін адамдарға деген сеніміңіз қалмай, ешкімді жаныңызға жақындатқыңыз келмейтін сезім пайда болады.


БАЛЫҚТАР – ҚИЯЛШЫЛДЫҚ

Қиялдың ұшқыр болғаны жақсы. Алайда, шектен шығып, қиял әлемінде өмір сүріп кетуге болмайды. Досты да, сүйіктіңізді де қиял әлемінен тауып алсаңыз, шынайы өмірде жақындарыңыз болмайды.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Сіздің ең үлкен ҚАТЕҢІЗ бен ең жаман КЕМШІЛІГІҢІЗ