ӨЗІҢЕ ҚАМҚОРЛЫҚТЫ неден бастау керек?

0
873

Өмірді сапалы сүру үшін бірінші кезекте өзіңе қамқорлық жасау керек


ӨЗІҢЕ ҚАМҚОРЛЫҚТЫ неден бастау керек?

Көңіл-күйің, ішкі күйің жақсы, жұмысың өнімді болуы үшін, жалпы өмірді сапалы сүру үшін бірінші кезекте өзіңе қамқорлық жасау керек. Салауатты өмір салтын сақтау, денсаулықты күту өзіңе жасауға тиіс негізгі күтім. Одан бөлек әр адамның табиғатына сай дәл өзіне керек қамқорлық түрлері болады. Біреу үшін тамаша болған тәсіл сіз үшін аса жақсы болмауы мүмкін. Сондықтан, жұлдыз белгіңізге қарап нақты өзіңізге қандай қамқорлық жасау керегін біліңіз.


ТОҚТЫ

Қызуқанды белгі иелеріне жиі-жиі ішінде қайнаған «буды» шығарып тұру керек. Бұл үшін бокс жаттығуы жақсы көмектеседі. Кез келген спорт түрімен, йогамен, медитация жасаумен жай-күйіңізді жақсарта алмайсыз. Сізге керегі – тек бокс.


ТОРПАҚ

Өзіңізден ақша аямаңыз. Ішкі меніңізді қанағаттандыру үшін көңіліңіз қалаған нәрсені сатып алыңыз. Ол көлік, бағалы бұйым немесе қатты қымбат тұрмаса да, көңіл қуантатын ұсақ-түйектер болса да болады.


ЕГІЗДЕР

Өзіңізге не керегін, нақты не қалайтыныңызды көбіне түсінбейсіз. Осы нәрсе өзіңізге қамқорлық жасауға кедергі. Сондықтан, сіздің бұл міндетіңіз не қалайтыныңызды анықтаудан басталуы тиіс.


ШАЯН

Шаяндар өзіне қамқорлық көрсетуі үшін басқалар сияқты бірдеңе жасаудың қажеті жоқ, кей нәрселерді жасаудан тыйылу керек. Мәселен, басқаларға көмектесуге ұмтылып, әркімнің жүгін мойнына іліп алудан.


АРЫСТАН

Кем дегенде айына бір рет өзен жағасында отырыңыз. Жалғыз. Үнсіз. Ештеңені ойламаңыз, жоспар құрмаңыз. Жай ғана ағысты бақылап, судың сылдырын тыңдаңыз.


БИКЕШ

Барлық нәрсені өз бақылауыңызға, жауапкершілігіңізге ала бермей, бір бөлігін басқаларға тапсыру керек. Сонда көбірек бос уақыт пен жұмсалмаған энергия өзіңізде қалады. Өзіңізге жасаған ең үлкен қамқорлығыңыз осы болмақ.


ТАРАЗЫ

Адамдармен араласқанды, көңілді отырыс, сауық кештерін жақсы көресіз. Осындай шараларда бетперде кимей өзіңізді басқаша етіп көрсетуге тырыспай, барынша табиғи қалпыңызды сақтаңыз. Жаныңыз нені қалайды, соны істеңіз. Қалай көңіл көтергіңіз келсе, солай көтеріңіз.


САРЫШАЯН

Өзіңізді мінсіздікке ұмтылудан құтқарыңыз. Тым болмағанда кей кездерде. Өзіңізге жоғары талап қоюды, барлық нәрсені мінсіз етуді міндеттеуді қойсаңыз, жай ғана өзіңізге тыныштық берсеңіз – жасаған ең үлкен қамқорлығыңыз осы болар еді.


МЕРГЕН

Бұл тақырыпта Мергендер кеңеске мүлде мұқтаж емес. Өйткені өмір бойы өзіне қамқорлық жасауды ойлап жүреді. Ең маңыздысы – үнемі жаңа нәрсені үйрену және көру. Мұны олар бәрінен де жақсы жасайды.


ТАУЕШКІ

Белгі иелері өзінің қамын жасауды ең соңғы орынға қояды. Есесіне, өзіне зиян келтіретін нәрселерді күнделікті жасайды. Осы әдетін қоюға тырысып, қандай істен тыйылу керегін сараласа, сол жолда күрес бастаса – өзіне жасаған қамқорлығы да, жақсылығы да сол.


СУҚҰЙҒЫШ

Суқұйғыштарға ең керегі – өзімен сырласу, ішкі даусын тыңдау. Ішкі диалогқа уақыт бөлуге тура келеді. Бұл қажет! Осылайша өзінің шын мәнінде не қалайтынын анықтап, сол қалауын орындайтын қадамдар жасауы керек.


БАЛЫҚТАР

Өзін еркелетуден Балықтарға тең келетін ешкім жоқ шығар. Кез келген түсініксіз жағдайда «құйрығын бір бұлғайды» да, өзінің бай ішкі әлемінің тереңіне еніп, тыныштық пен бақытқа бөленеді. Бірақ бұл – өзіңе қамқорлық жасау емес. Себебі кейбір еркелету зиянды болуы да мүмкін. Өзіңе қамқорлық – көңілің қалап тұрған нәрселердің пайдалысын іске асырып, зияндысынан бас тарту.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Жазғы демалысты жақсы өткізгіңіз келсе, нумерологиялық есеп жасаңыз