ЫСЫРАПШЫЛ әлде ҮНЕМШІЛ: жұлдызнама бойынша қайсына жатасыз?

0
2 241


ЫСЫРАПШЫЛ әлде ҮНЕМШІЛ: жұлдызнама бойынша қайсына жатасыз?


Фото: yapokupayu.ru

Тоқты

Белгі иелері еңбекқорлығының арқасында мол табыс табады. Бұл – жақсы. Алайда, сол еңбекпен тапқанын тез шашып жіберетіні бар. Бұл – ­жаман. Біраз уақыт кіріс-шығысын есептеп, үнемеп жүреді де, дүкен сөресінен бір зат еліктірсе, бір-ақ сәтте ала салады. Тоқтыларға әр сауда-саттықты жоспарлы түрде, ойланып барып жасауды үйрену керек.


Торпақ

Еңбекқорсыз, табысыңыз да аз емес. Бірақ, бар тапқаныңызды нәпсі жолында тез-ақ жұмсап жіберетініңіз жаман. Өзіңізге шектеу қойып, тыйым салғанды ұнатпайсыз. Қандай да бір қалауыңызға қол жеткізе алмау жүйкеңізді жұқартады, солай ма? Өзіңізге ғана емес, өзгелерге де сыйлық ұсынғанды жақсы көресіз. Осының салдарынан үнемі қаржылай қиындық үстінде жүресіз. Әйтеуір бір жақсысы, соңғы тиын мен қарызға кірер тұста тоқтауды білесіз.


Егіздер

Бұл белгі аясындағылардың бойында екі бірдей қаржыгер тоғысқан. Кейде есепке жүйрік, үнемшіл, әр тиынын сақтықпен жұмсайды. Енді бірде қолындағы барын қорықпай тәуекел жолына тігіп жібере салады. Қай кезде қайсы «қаржыгердің» басым түсетінін білу қиын. Біраз уақыт бюджетін сауатты жүргізіп келе жатады да, бір-ақ күнде ағат шешім қабылдап, асығыстық салдарынан ақшасын қажетсіз заттарға жұмсап қояды.


Шаян

Оның қорында үнемі берік, сенімді қаржылық іргетас бар. Басында – баспанасы. Жаңа іс бастағысы келсе, демеуші іздемейді. Бәрі де қаржылық сауаттылығының арқасында. Ірі көлемді сауда-саттық жасау керек болса, алдымен нарықты әбден зерттеп алады да, ең тиімді жолы мен төмен бағаны табады.


Арыстан

Бюджетті басқару жөнінен білімі мол. Ол ақшаны үнемдей де, жинай да алады. Бірақ, талғамы тек қымбат пен сапалыны, эксклюзив пен атақты брендті қалайтындықтан, бір зат сатып алғанның өзінде қоры әжептеуір ортайып қалады. Қалтасы көтермейтін затты қарызға алуға жаны қас. Ақшаны ақылмен жұмсауды жөн көреді. Сондықтан, қалтасында мол қаражат жүрсе де, заттар мен қызметтерді жеңілдікпен сатып алғысы келеді.


Бикеш

Олар – нағыз қаржыгерлер. Байлық пен барлықты мақтан тұтпайды. Бағалы бұйым қолданып, қымбат затқа малынып сән-салтанат құрғанды орынсыз шығын санайды. Сөйте тұра, тым сараң да емес. Зәуде бір көңілі ауған аспен, көңілінен шыққан қажетті затпен өзін қуантып тұруды ұмытпайды. Жақындарына да сый жасау керек жерде тартынып қалмайды. Үнемі кіріс көзін арттырудың жолын іздеп, шығындарын бақылап жүреді.


Таразы

Белгі иелерінің бойында табиғи тепе-теңдікті сақтау сезімі бар. Сондықтан оларға қаржылық сауаттылық, бюджетті басқару білімі соншалықты қажет те емес болуы мүмкін. Шығын сомасының табыс көлемінен аспауын жіті қадағалайды. Сараң да емес. Ақшаны адал жолмен тауып, орнымен жұмсауды жөн санайды. Қаржы қорын толықтырып отыруды да ұмытпайды.


Сарышаян

Олар ақшамен жақсы «тіл табыса» алады. Тез баюдың жолын, тиімді табыстың көзін оңай табады. «Шығын шықпай, кіріс кірмейді» деген қағиданы ұстанатын Сарышаяндар ұзақ мерзімді жобаға инвестиция салу арқылы да қорын еселеп алудың шебері. Мұндай дарын оларға туа біткен. Сол себепті де сәтсіздікке не банкротқа ұшырау мүмкіндігі нөлге тең.


Мерген

Олар ақшаның келуіне де, кетуіне де жеңіл қарайды. Қаржымен қарым-қатынасы саналы да сабырлы. Мол табысқа кенелсе, төбесі көкке жеткендей қуанбайды. Қомақты қаражаттан айрылса, ол үшін өкіне де қоймайды. Бәрін қалыпты қабылдайды. Қорды саяхат немесе жаңа әсерлер үшін ғана жинауы мүмкін. Дүние үшін немесе жай ғана бай болу үшін ақшаның құлына айналмайды.


Тауешкі

Олар осы дүниеге қолына есеп кітапшасын ұстап келген іспетті. Олай дейтініміз, бала кезінен-ақ ақшаға аса ұқыпты да сақ. Өте еңбекқор. Маңдай терімен келген табыстың әр тиынын есеппен жұмсайды. Басты мақсаттарының бірі – болашаққа қаржылық қор жинау. Ертеңгі күні алаңсыз, қамсыз болуы үшін. Еңбекке араласқан алғашқы күндерден-ақ осы мақсат жолына түседі.


Суқұйғыш

Тапқан табысының басым бөлігі қайырымдылық мақсатына жұмсалады. Бірақ одан қалтасы ортайып қалмайды, керісінше, несібесі арта түсетіндей. Бұл белгі иелері көбіне жеке кәсіпкер болып келеді. Талантты, еңбекқор, жаңашыл және алдына мақсат қойып, соған жету жолында жан аямайтын кәсіпкер. Оның табысы артқан сайын айналасына жасайтын жақсылығы да арта береді.


Балықтар

Ақшаны жинауды емес, жұмсауды ұнататындар. Қаржысының басым бөлігі, өнер, музыка, театр және мұражай салаларына кетеді. Үнемдеу, бюджетті дұрыс басқару ұғымдары Балықтар үшін жат. Олар үшін ең бастысы – басында баспана, алдында асы болса жеткілікті. Одан артылған ақшасының бәрі жақындарына жәрдемдесу және мәдени шараларға қатысып, рухани өсу мақсатына жұмсалады.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ