ЖҰБАЙЫҢЫЗ қандай жағдайда «АЖЫРАСАМЫН» дейді

0
1 023

Сол жағдайға жеткізбеу - Сіздің жұбайлық парызыңыз


ЖҰБАЙЫҢЫЗ қандай жағдайда «АЖЫРАСАМЫН» дейді

Адамдар отбасын құруға қадамды «Ажырасып кетермін» деген үреймен баспайды. Барлық көкейде «Бақытты, ұзақ өмір сүреміз» деген үміт болатыны анық. Алайда, бәрінің бірдей үміті ақтала бермейді. Өкінішке орай, әлемде де, елімізде де ажырасу бір жағдайлармен екі жаққа кетіп жатқандар қатары өспесе, кеміп жатқан жоқ. Бұған себеп көп. Бірақ, бәрінің тобықтай түйіні болып жатқан бір нәрсе – бір-біріне түсіністікпен қарамау.

Жұбайыңыздың шыдамын шегіне жеткізетін, «Ажырасамын» деп анық айтуына себеп болатын не жағдай екенін біліңізші. Соған жеткізбеуге, болдырмауға күш салыңыз. Сонда құрған некелеріңіз берік, шаңырақтарыңыз биік болады.


ТОҚТЫ

Өмірлік серігім деп сенген адамы еш себепсіз ұрыс-жанжал шығарып, ашуын жұбайынан алуға бейім болса, бұл – Тоқтылар үшін бас қайғы. От элементіне жататын, табиғатынан шыдамсыз, қызуқанды, тез шешім қабылдайтын белгі иелері мұндай қылыққа еш төзе алмайды. Тоқтымен бір некеде терең қартайғыңыз келсе, сабырсыздық, ашуланшақтық, күйгелектік сынды мінезіңізді, себепсіз ашуланып, жоқ жерден жанжал шығару сынды әрекеттеріңізді тыйыңыз. Бұл екінші жартыңыз үшін ғана емес, өзіңіз үшін де пайдалы.


ТОРПАҚ

Торпақтар қателіктен сабақ алмайтын, бір рет жасаған жаңсақ қадамын екінші рет тағы қайталаған жаннан түбегейлі күдерін үзеді. Себебі, өзі әр ісінен сабақ, тәжірибе алып отырады. Сондай-ақ, өзінің де, өзгелердің де бұрынғы жасаған қателіктерін еш ұмытпайды. Екінші рет қайталаса, «Бұл адам түзелмейді» деген қорытындыны нық шығарып, артына қайрылмастан кетеді. Сондықтан, екінші жартыңыздың уақытша емес, өмірлік серігіңіз болғанын қаласаңыз, өзіңізбен жұмыс жасаңыз. Қателіктерден сабақ алып, қайталамауға тырысыңыз. Басқа отбасылардағы сияқты көпреттік кешірімге ілінуден үмітіңізді үзіңіз.


ЕГІЗДЕР

Олар үшін ерлі-зайыптылардың түсіністікте өмір сүруі, өмірге бір көзбен қарауы, бір-бірін тілсіз ұғуы маңызды. Егер отбасылық қарым-қатынас ондай деңгейге шыға алмаса, бір шаңырақ астында тұрудың да қажеті жоқ Егіздер үшін. Сондықтан, көзқарастарыңыз сәйкес келмесе, арада сөз жүзіндегі пікірталас, дау-дамай, келіспеушілік көп болса, бұл некенің ғұмыры ұзаққа бармайды деп біліңіз.


ШАЯН

Олардың ең осал жері – көңіл-күйінің құбылмалылығы. Бұл оның ырқында емес, сізге де басқаруға рұқсат бермейді. Тек оның жүзіне қарап «ауа райын болжап» өмір сүресіз. Қуанышты болса, бірге шаттануға; аяқ астынан мұңая қалса, жұбатуға; лезде көз жасы көл бола қалса, сүртуге; жалғыз қалғысы келгенде жанынан кетіп қалуға, т.с.с. дайын болыңыз. Осылай ету қолыңыздан келіп жатса, көңілінің хошы түскенде есесін артығымен қайтарады.


АРЫСТАН

Белгі иелерінің өзін өте жоғары бағалайтыны белгілі. Ал мұны мойындамайтындардың жанында бір минут та тұрмайды. Жұбайы бола тұра, оның мықтылығына күмән келтірсеңіз, мың жерден махабат болса да, оты сол сәтте сөнеді. Сондықтан, Арыстанмен ажыраспай, жарасып өмір сүргіңіз келсе, қолдайтын, мақтап-қолпаштайтын, мықтылығын мойындайтын жар болыңыз.


БИКЕШ

Белгі иелері – тым талғампаз, кірпияз, перфекционист. Ол өзінде және жақын адамдарында бәрі жақсы емес, керемет болғанын қалайды. Осы жолда аянбай тер төгіп, ерен еңбек етеді. Сіздердің қарым-қатынаста да солай екенін мойындайтын шығарсыз. Байқаңыз, жоққа шығарып жүрмеңіз. Себебі, сіз сүйетін жан мұндайды сүймейді. Жасаған жақсылығын, төккен терін, сіңірген еңбегін бағаламай, құнсыздандырсаңыз, Сізге қол сілтей салуы оп-оңай.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

БАЛАҢЫЗДЫҢ ғаламторға қаншалықты ТӘУЕЛДІ екенін білесіз бе?

ТАРАЗЫ

Таразылардың жұбайына қояр талабы жоғары. Сол талапқа сай болуға барынша тырысыңыз. Сай келмей жатсаңыз, сізбен қоштаса салуы түк қиын емес. Сүйікті адам үшін ғана емес, өзіңіз үшін де тырысыңыз. Себебі, сіз сол жолда өсесіз, дамисыз.


САРЫШАЯН

Сарышаянның кекшілдігі қарым-қатынастарыңыздың түбіне жетуі әбден мүмкін. Өзінен-өзі емес, әрине. Егер жүрегіне батып, жанын ауыртатын айыпты іс жасасаңыз. Белгі иелері жұбына сенімді серік бола алады, махаббатқа адал, романтикаға бейім. Осы қасиеттерінің ықпалымен арақатынас үшін көп нәрсе жасайды, біршама құрбандыққа барады. Соның бәрін бағаламай, қиянат жасайтын болсаңыз, Сарышаян үшін кешірімге жол жоқ.


МЕРГЕН

Бұл белгіде туғандардың күтері көп. Өмірден де, адамдардан да. Әсіресе, жанына жақындардан. Қалағанын бере алмасаңыз, күткеніне сай келмей қалсаңыз, біттім дей беріңіз. «Мұндай адаммен өмір сүрудің қажеті қанша?» деген сұрақ оны ажырасуға арыз жазатын жерге апарады.


ТАУЕШКІ

Тауешкілер – еңбекқор, іскер, қарапайым. Өзіндегі осы қасиеттерді айрықша жақсы көреді әрі адамзаттың бәрі сондай болуы керек деп санайды. Аталғандарға қарама-қайшы қасиет иелерін (жалқаулығы басым, епсіз, алғыр емес, менмен) суқаны сүймейді. Сондықтан, өмірдің кей кезеңінде, қандай да бір жағдайларда кейінгі үш қасиет бойыңызға жұғар болса, жұбыңызбен қоштасуға тура келуі ғажап емес.


СУҚҰЙҒЫШ

Олар үшін екінші жартысы – ең ерекше жан болуға тиіс. Өзгелерден дара тумасаңыз, айқайлап көзге түсетін айрықша қырыңыз болмаса, Сарышаянның сізді жоғары бағалауы екіталай. Бастапқыда махаббаттың буына еріп, сезімге елтіп ештеңені байқамауы мүмкін. бірақ уақыт өте келе көпшіліктен ерекшеленбейтін жанмен іші пыса бастайды. Бұл күй ұзаққа созылса, соңы ажырасумен аяқталуы мүмкін.


БАЛЫҚТАР

Балықтар – белгі иелерінің арасында ең сезімтал, ең эмоцияға берілгіш бірі. Оларға үнемі романтикалық көңіл-күй керек. Жұбының өзін қалай жақсы көретінін, қаншалықты бағалайтынын жиі есту, ісімен дәлелдегеніне куә болу олар үшін өте маңызды. Осыны ғана сезіміне сүйеу, некеге тірек ете алады. Әйтпесе, оны сүйетініңізге күмін келтірген әр сәт сайын «кетемге» баса береді.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ