Ресей бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады

0
399

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық iздестiру жарияланған.


Ресей бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады

ERNUR.KZ. Ресейден бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды, деп жазады tengrinews.kz.

"Ресейден бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей тарапымен экстрадициялау туралы мәселе аяқталды. Аталған тұлға 2022-2023 жылдар аралығында шет елдерден азық-түліктің көтерме партияларын жеткізу сылтауымен алаяқтық жолмен 9 кәсіпкердің жалпы сомасы 470 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатын иемденген", - делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық iздестiру жарияланған.

"Былтыр желтоқсанда ол Мәскеу аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды".

Қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.