Жалған шот-фактураларды жасаған шымкенттік 3 жылға сотталды

0
368


Жалған шот-фактураларды жасаған шымкенттік 3 жылға сотталды

иллюстрациялық фото

Шымкент тұрғыны жұмыстарды нақты орындамай және қызмет көрсетпей жалған шот-фактураларды жазып берген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған фактіні ҚМА аймақтық Департаменті тергеді.
Қылмыстық әрекетті арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы жүзеге асырып, нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген.
Сот үкімімен күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, 15 млн теңгеден астам сомаға қылмыстық табысы мен 50 млн теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылды.
Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.
Анонимділікке кепілдік беріледі.