19 жастағы қыз туыстарымен жабылып зорлаған күйеуін өлтіріп тастады

0
1 784

Нураны 15 жасында тұрмысқа берген. Ол қашып кетіп, үш жылдай жасырынып жүрген. Кейін оны алдап әкесіне алып келген, ол болса қызын қайтадан күйеу баласының қолына берген.


19 жастағы қыз туыстарымен жабылып зорлаған күйеуін өлтіріп тастады

Суданда 19 жастағы Нура Хусейн еркінен тыс некелестірген күйеуін өлтіріп тастағаны үшін өлім жазасына кесілді деп хабарлайды tengrinews.kz.

CNN мәліметінше, Нураны 15 жасында тұрмысқа берген. Ол қашып кетіп, үш жылдай жасырынып жүрген. Кейін оны алдап әкесіне алып келген, ол болса қызын қайтадан күйеу баласының қолына берген. Ал күйеуі туыстарының көмегі арқылы қызды зорлаған екен. Ер адамның інісі мен бөлелері қызды ұстап тұрыпты. Ертесінде ер адам қызды қайта зорламақ болғанда, Нура оған пышақ салған. Осыдан кейін қыз отбасына қашып барады, ал ата-анасы қызын полицияға тапсырған.
Ер адамның туыстары кешірім беру мен ақшалай төлемнен бас тартып, өлім жазасын сұратқан.
Бұл оқиға әлеуметтік желі арқылы таралып, бүкіл әлемнің назарына ілікті. Желі қолданушылары қызға көмектеспек ниетте #JusticeforNoura және #SaveNoura хэштегін жалпылай таратып жатыр.
Заң бойынша Суданда қыздарды 10 жасында тұрмысқа беруге рұқсат етілген, ал некелескеннен кейін қызды зорлау қылмыс болып есептелмейді.