22 қараша – Дүниежүзілік ұлдар күні

0
952

Жыл сайын 22 қарашада әлем бойынша отбасылық мереке — ұлдар күні тойланады.


22 қараша – Дүниежүзілік ұлдар күні

ERNUR.KZ. Бұл мерекенің пайда болуы туралы көптеген нұсқалар бар, бірақ олардың ешқайсысы ресми түрде расталған жоқ, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл мерекені әдетте отбасымен бірге өткізеді, аналар мен әкелер ұлдарын жасына қарамастан құттықтайды, сыйлықтар мен мақтау сөздерін айтады.

Біздің елімізде Ұлдар күнін мереке ретінде өткізу дәстүрлері әлі толық қалыптасып үлгерген жоқ. Отбасында ұлдың пайда болуы ата-ананың өміріндегі ең қуанышты оқиға болып саналады. Ең алдымен, отбасының мұрагері, қорғаушысы болып есептелуімен түсіндіріледі.