Адамдардың өмір сүру ұзақтығы аяқ өлшеміне байланысты болуы мүмкін – ғалымдар

0
4 989

Аяқ өлшемі 38 болатын әйелдер ұзақ өмір сүреді екен.


Адамдардың өмір сүру ұзақтығы аяқ өлшеміне байланысты болуы мүмкін – ғалымдар

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Адамның өмір сүру ұзақтығы аяқтың өлшеміне де байланысты болуы мүмкін, деп жазады 24.kz.

Кембридж университетінің қызметкерлері осындай тұжырымға келген. Мамандар екі жылдық зерттеу жүргізіп, 3 мың өлім жағдайын зерттеді. Зерттеу барысында аяқ өлшемі 38 болатын әйелдердің ұзақ өмір сүргені белгілі болған, ал ерлер арасында аяғының өлшемі 42 болатын адамдар ұзақ өмір сүрген. Ғалымдардың тұжырымына сәйкес аталған топтардың өкілдері 82-84 жас аралығында өмір сүрді.

Зерттеуге сәйкес, аяқ өлшемі 38 және 45 болатын ерлер аз өмір сүрген, 39-аяқ өлшемінің иелері орташа есеппен 72 жасқа дейін, 40-өлшем 75 жасқа дейін, 43-өлшем 74-79 жасқа дейін және 44-аяқ өлшемінің иелері 69-72 жасқа дейін өмір сүрген.

Әйелдер арасында 35 және 42 аяқ өлшемінің иелері аз өмір сүрді, орташа есеппен 68-69 жас. Ал аяқ өлшемді 36 болатын ханымдар 76 жасқа дейін, 37-өлшем 79-82 жасқа дейін, 39, 40 және 41-аяқ өлшемінің иелері орта есеппен 70-75 жасқа дейін өмір сүрген.

Зерттеу авторлары бұл тұжырымдардың өмір сүру ұзақтығының аяқ өлшеміне тікелей байланысты екенін дәлелдемейтінін айтып өтті.