Оның видеосы әлеуметтік желіде тараған.
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
ERNUR.KZ. Алматыда егде жастағы әйел прокуратура ғимаратының алдында тамырын кесіп жіберді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Әйелдің айтуынша, оны белгісіз адамдар алдап пәтерінен айырған, ал полиция істі жауып, күдіктіні босатып жіберген.
Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелдің сөзін жоққа шығарған. Полицияның хабарлауынша, алаяқтық фактісі бойынша Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы қылмыстық істі тергеп жатыр.
«Күдіктіні ұстау шаралары қабылдануда. Сонымен қатар, қазіргі уақытта жәбірленушінің дәлелдері тексеріліп жатқанын хабарлаймыз», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, өз қолын қанға бөктірген әйелді камераға түсіріп алған қыз ведомства қызметкерлерінің тіпті мән бермегенін, алғашқы көмек көрсетуге асықпайтындарын жеткізген.