Әйел құлап бара жатқан баласын құтқарып қалды

0
1 003

Егер әйел сәл ғана кешіккенде баласынан айырылып қалуы мүмкін еді.


Әйел құлап бара жатқан баласын құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Баспалдақ аралығынан құлап кеткен баланың аяғынан ұстап үлгерген келіншектің жылдам әрекеті желі қолданушыларын таңғалдырды, деп жазады ktk.kz.

Егер әйел сәл ғана кешіккенде баласынан айырылып қалуы мүмкін еді. Бұл таңғажайық оқиға Колумбияның Медельин қаласында болған. Келіншек құрылыс компаниясының кеңсесіне келеді. Ол кішкентай баласын жетектеп лифтіден баспалдақ алаңына шығып, бірер сәт ұялы телефонына алданады. Осы кезде бала баспалдақ аралығына жүгіріп барып, таяныштардың арасынан төменге құлап кетеді. Әйел соңғы секундта баланың аяғынан ұстап үлгереді.

Осы арада компания қызметкерлері көмекке жүгіріп келеді. Олар шошып қалған анаға баланы баспалдақ алаңына қайта шығаруға көмектескен. Келіншектің қалай шапшаңдық танытып, трагедияның алдын алғанын видеодан көріңіз.