Тоқаев: Қазақстан Ресейдің стратегиялық серіктесі болып қала береді

0
161

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.


Тоқаев: Қазақстан Ресейдің стратегиялық серіктесі болып қала береді

© Photo : Минобороны Казахстана

ERNUR.KZ. Қазақстан Ресейдің стратегиялық серіктесі болып қала береді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде айтты, деп жазады sputnik.kz.
"Біздің қарым-қатынасымыз өте берік стратегиялық серіктестік пен одақтастыққа құрылған. Мен бүгін қазақстандық БАҚ-тан мақалаңызды мұқият оқып шықтым. Сізге алғыс айтамын. Мен де ресейлік БАҚ-та мақаламды жарияладым. Менің ойымша, біз болашаққа бағдарланған ынтымақтастықты дамытудың барлық тәсілін бірауыздан егжей-тегжейлі баяндадық. Мен өз мақаламда Қазақстан Ресейдің стратегиялық серіктесі екенін, Ресейдің осынау қиын кезеңде одақтасы болғанын және болып қала беретінін атап өттім", - деді Тоқаев.
Еске сала кетейік, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Оны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайынан қарсы алды.