Әйел мейрамханада абайсызда адам еті қосылған салатты жеп қойған

0
1 159

Оқиға Нью-Йорк штатындағы Chopt мейрамханаларының бірінде болған.


Әйел мейрамханада абайсызда адам еті қосылған салатты жеп қойған

ERNUR.KZ. АҚШ-та әйел мейрамханада салатқа тапсырыс беріп, күтпеген жерден адам етінің дәмін татты, деп жазады Stan.kz

Оқиға Нью-Йорк штатындағы Chopt мейрамханаларының бірінде болған. Коннектикут тұрғыны Эллисон Коццидің айтуынша, ол салат жеп жатып, кенеттен салатпен араласып, адам саусағының сынығының бөлігін шайнап жатқанын түсінген.

Белгілі болғандай, саусақ мейрамхана менеджеріне тиесілі болып шықты. Ол сол кезде руккуланы тураймын деп абайсызда саусағының ұшын кесіп алған. Жарақат алғаннан кейін ол ауруханаға баруға мәжбүр болған. Ал жасалып тұрған саусақ еті түсіп кеткен салат келушіге ұсынылған.

Денсаулық сақтау департаменті мейрамханаға 900 доллар айыппұл салды. Ал Коцци сотқа шағым түсіріп, Чопттан ақшалай өтемақы талап етті. Әйелдің айтуынша, бұл оқиға оны есеңгіретіп, когнитивтік қабілеттерін зақымдап, күйзеліске, жүрек айну, бас айналу, мойын мен иық ауруына әкелген.