Астана-Ақтау ұшағында бортсерікке шабуыл жасаған жолаушы ұсталды

0
150

Жолаушы мен бортсерік арасындағы жанжал 20 сәуірде сағат 00:05-те ұшақ Ақтауға қонғаннан кейін басталған.


Астана-Ақтау ұшағында бортсерікке шабуыл жасаған жолаушы ұсталды

фото: видео кадры

ERNUR.KZ. Полицейлер Scat әуекомпаниясының Астана – Ақтау бағыты бойынша рейсінде бортсерікке шабуыл жасаған жолаушыны ұстады, деп жазады tengrinews.kz.

"Бұл дерек Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөліміне тіркелді. Құқық бұзушы ұсталды. Тексеру жүргізіліп жатыр.Тексеру нәтижесі бойынша, жанжалға қатысушылардың бәріне құқықтық баға беріледі", – делінген хабарламада.

Еске салайық, жолаушы мен бортсерік арасындағы жанжал 20 сәуірде сағат 00:05-те ұшақ Ақтауға қонғаннан кейін басталған. Жолаушылардың бірінің айтуынша, жанжалды бастаған адам ұшақ салонында ұялы телефонын ұмытып кеткен.

Бортқа қайта кіруге әрекет жасаған жолаушыны бортсерік тоқтатып, ұшақтан әлі адамдар шығып жатқандықтан, сәл күте тұруын сұраған. Телефон иесі ескертуге құлақ аспай, ішке кіруге әрекет жасай берген соң, бортсерік оны өзі барып әкеліп беретінін айтқан. Алайда жолаушы әуекомпания қызметкерінің соңына жармасып, оның бетіне соққы жасаған.


Полиция келгенде шабуылдаушыны қарсы алуға келген туысы да жанжалға кіріскен. Екеуі де өз кінәсін мойындамай, қарсыласқанымен, куәгерлер оқиғаның қалай болғанын растады және кінәлі азаматтың заңға сай жаза алатынына үміт білдірді.