АҚШ Ида дауылына байланысты екі штатта ТЖ режимін жариялады

0
712

Халық саны 400 мыңға жуықтайтын Жаңа Орлеан қаласы қазір түгелдей жарықсыз отыр.


АҚШ Ида дауылына байланысты екі штатта ТЖ режимін жариялады

ERNUR.KZ. Луизиана штатында ойран салған Ида дауылынан бір адам көз жұмды. Қатты желден құлаған ағаш ер адамды басып қалған. Одан бөлек бір миллионнан астам тұрғын электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Хабар24.

Халық саны 400 мыңға жуықтайтын Жаңа Орлеан қаласы қазір түгелдей жарықсыз отыр. Көрші Миссисипи штатында да мыңдаған үйде электр энергиясы ажыратылған. Небәрі бірнеше сағат ішінде желдің жылдамдығы сағатына 72 шақырымнан 230 шақырымға дейін жеткен. Мамандар Ида дауылы Луизиана тарихындағы ең алапат дауылдың бірі деп ескертеді. Президент зардап шеккендерге федералдық көмек көрсетілетінін жеткізді.

- Бәрі жақсы болсын деп, дұға тілейік. Бірақ жаманға дайын болайық. Өңірге 100-ден астам жедел жәрдем көлігі жұмылдырылған. Қызыл крест және өзге де ұйымдармен уақытша баспана ұйымдастыру мәселесі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Мен Луизиана және Миссисиспи штаттарында төтенше жағдай жариялау туралы құжатқа қол қойдым, - деді АҚШ Президенті Джо Байден.