Штаб қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы да еске салды.
фото: Sputnik/Ертай Сарбасов
ERNUR.KZ. 21 сәуір күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Алматы әуежайында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді, деп жазады sputnik.kz.
Бұл ретте әуе көлігінің және автомобиль қозғалысына шектеу қойылмайды, деп хабарлады терроризмге қарсы жедел штаб.
Жедел штаб оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды, оқу-жаттығуларға қатысқандардың талаптарын орындауды және жалған ақпарат таратпауды сұрайды.
Штаб қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы да еске салды.