10 мамырда АҚШ-та 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы екпе салуға рұқсат берілген еді.
ERNUR.KZ. АҚШ-та коронавирусқа қарсы екпе салдырған жеткіншектердің жүрегі сыр бере бастаған, деп хабарлайды Хабар24.
Бұл туралы «Нью-Йорк Таймс» басылымы мәлімет жариялады.
Елде ондаған оқиға жайлы белгілі болды. Вакцинаның екінші дозасын салдырғаннан кейін жүрек бұлшықетінің қабынуы байқалған. Сарапшылар деректер саны аз болғандықтан олардың вакциналауға қатысы жоқ болуы мүмкін екенін ескертеді. Десе де, АҚШ-тың ауруларды бақылау орталығы дәрігерлерді сақтық танытуға шақырды. Қазір тиісті оқиғаларға қатысты тексеру жүріп жатыр.
Айта кеткен жөн, 10 мамырда АҚШ-та 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы екпе салуға рұқсат берілген еді. Канадада осы жастағы балалар вакцина қабылдап жатыр.