Әлемдегі ең ірі спутниктік оператор банкротқа ұшырағанын хабарлады

0
744

Компания коронавирустық пандемиядан қатты зардап шеккен.


Әлемдегі ең ірі спутниктік оператор банкротқа ұшырағанын хабарлады

ERNUR.KZ. Әлемдегі ең ірі спутниктік оператор Intelsat өзінің қарыздарын қайта құрылымдау үшін банкротқа ұшырағаны туралы өтініш берді, деп хабарлайды Хабар24.


«Бұл біздің компания тарихындағы ауыр кезең. Intelsat – спутниктік индустрияның негізін қалаушы. 50 жылдан астам уақыт бойы бізді сапа үшін, жоғары деңгейлі қызметтер үшін құрметтейді. Қарыздарымыздың бар екеніне қарамастан, жетістіктеріміз көп болды», - деді компанияның бас директоры Стивен Шпеннглер.


Банкроттық процедураларды қолдана отырып, компания АҚШ-тағы Федералды байланыс комиссиясынан АҚШ-та 5G желілік инфрақұрылымын орналастыру үшін C-диапазон жиіліктерін пайдалануға рұқсат алғысы келеді.

Сонымен қатар компания коронавирустық пандемиядан қатты зардап шеккенін айта кету керек.