Қазақстанда 2,5 мыңға жуық мектеп тексеріледі

0
1 953

Білім ошақтарында тағы қандай кемшіліктер орын алады?


Қазақстанда 2,5 мыңға жуық мектеп тексеріледі

ERNUR.KZ. Қазақстанда білім сапасын қамтамасыз ету бойынша 2,5 мың мектепте тексеру жүргізіледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Былтыр мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының уақтылы аяқталмағаны, мектептердің материалдық-техникалық базасының талапқа сай келмейтіні анықталған болатын.

Биылғы жылдың соңына дейін 2487 білім беру ұйымында профилактикалық бақылау жүргізіледі.

"Өткен жылы комитет пен оның аумақтық департаменттері 2624 білім беру ұйымында түрлі тексеріс жүргізді, оның ішінде мемлекеттік аттестаттау, профилактикалық бақылау, шағымдар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді", – деп атап өтті білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.

Тексеру нәтижесінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының уақтылы аяқталмағаны, мектептердің материалдық-техникалық базасының талапқа сай қамтамасыз етілмегені анықталған.

Бұл мониторинг және бағалау қызметі – білім беру қызметінің сапасын, білім беру үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ететін шара.