Президент арнайы жасақттың туған-туыстарына "Эрдик"(батылдық) медалін табыс етті.
ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Алмазбек Атамбаевты басып алу операциясы кезінде қаза тапқан арнайы жасақ қызметкері Усенбек Ниязбековтің анасы, жұбайы және ағасымен кездесті, деп жазады tengrinews.kz.
Саясаткер жігітің туған-туыстарына көңіл айтып, Ниязбековтың өлімі оның отбасы мен жақындары үшін ғана емес, мемлекет үшін де үлкен жоғалту болғанын атап өтті. Президент арнайы жасақттың туған-туыстарына "Эрдик"(батылдық) медалін табыс етті.
Қайтыс болған құқық қорғау органдары қызметкерінің анасы елде бейбітшілік пен тыныштық болуын және аналардың көз жасы төгілмесін деп тілек айтты.
ҚР Президенті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Усенбек Ниязбеков өмірін елдегі тұрғындардың қауіпсіздігі мен құқық тәртібін қамтамасыз етуге арнаған, террористік құрылымдарды жою бойынша бірқатар арнайы операцияларға қатысқан.