​«Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

0
176

48 жастағы К.Горовенко өз еркімен қызметінен кеткен.


​«Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
Фото: fc_atyrau Instagram парақшасы


ERNUR.KZ. «Атырау» футбол клубының бас бапкері Константин Горовенко қызметінен босатылды, деп жазады inform.kz.

«Атырау» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 48 жастағы К.Горовенко өз еркімен қызметінен кеткен.

Қазақстандық маман биылғы маусым алдында атыраулық команданың тізгінін қайта ұстаған еді.
Чемпионат аясында атыраулықтар К.Горовенконың басшылығымен алты матч және кубоктық ойын өткізіп, бір рет қана жеңіске жетті.
Команда бас бапкерінің міндетін уақытша Денис Мамонов атқарады.
«Атырау» командасы Қазақстан чемпионатында небәрі 3 ұпаймен турнир кестесінде 13-орында келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ордабасының» біріншіліктегі алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.