Автокөліктерге жарықты жақпай жүрулеріне рұқсат берілді

0
1 414

Үкімет күндіз көліктердің жарықты жағып жүруі туралы ережені жойды.


Автокөліктерге жарықты жақпай жүрулеріне рұқсат берілді

ERNUR.KZ. Өзбек үкіметі күндіз көліктердің жарықты жағып жүруі туралы ережені жойды. Бұл бір ай бойы көлік жүргізушілердің наразылығын тудырған болатын, деп жазады elitar.kz.

Үкіметтің 9 сәуірдегі Қаулысымен барлық көлік құралдарына күндізгі уақытта жарық қосып жүруге талап қойылған болатын. Жақында Министрлер Кабинеті осы қаулының кейбір талаптарын жойды.

Өзбекстанның Ішкі істер министрі Пулат Бобожонов УзА агенттігіне неге фаралармен жүру талабын алып тастағанын айтты.

ІІМ басшысының пікірінше, Өзбекстанда өндірілген барлық көліктер тәуліктің жарық уақытында фаралары қосылып жүру үшін қажетті күндізгі жүріс оттарымен (ДХО) жабдықталмаған. Осыған қарамастан жүргізушілерге айыппұл сала бастады. Айыппұл сомасы 50% (101 365 сумм немесе $12) бір ең төменгі жалақы мөлшерін құрады.