БҰҰ тонағандардың кім екенін анықтап жатыр.
Фото: газета.ру
ERNUR.KZ. Газа секторының оңтүстігінде гуманитарлық көмек тиелген жүздеген жүк көлігі тоналды, деп жазады inbusiness.kz.
БҰҰ-ның палестиналық босқындардың істері туралы агенттігі БАПОР мұны "жылдың ең сорақы оқиғасы" деп атады.
СNN таратқан ақпаратқа сәйкес, БАПОР мен Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы үшін азық-түлік тасымалдайтын 109 жүк көлігінің ішінен Газадағы Керем-Шалом бақылау-өткізу бекетінде 97 көлік жоғалып кеткен.
Жүргізушілерге қару кезенген белгісіз біреулер жүк көлігіндегі жүктерді түсіруге мәжбүрлеген. Гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлері жараланып, жүк көліктерінің бүлінгені айтылуда.