БҰҰ Газа секторын "өмір сүруге жарамсыз" аймақ деп атады

0
750

Босқындарды орналастыратын орындар толып кетті.


БҰҰ Газа секторын

ERNUR.KZ. БҰҰ Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігінің Таяу Шығыстағы өкілі Джульетт Тома Газа секторын "өмір сүруге жарамсыз" территория деп атады, деп жазады Inbusiness.kz.

Ол BBC News арнасына берген сұхбатында ауа райының қолайсыздығы анклавтағы ауыр жағдайды нашарлатып жатқанын айтты.

Томаның сөзінше, агенттікте босқындарды орналастыратын 150 орын бар, бірақ бұл паналау орындары толып кеткендіктен енді адамдарды қабылдай алмайды, сол себепті басқа да орындар қажет.

Палестиналықтар лашықтар салуда немесе көліктерде тұрып жатыр, деп сипаттады ол Газа секторындағы жағдайды. Израиль әскерилерінің атқылауынан Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігінің мүмкіндігі шектеулі көрінеді.

"Әуе шабуылдары кезінде сіздер көмек жеткізе алмайсыздар. Ал, біз ең мұқтаж адамдарға қол жеткізе алмаймыз және өз міндеттерімізді орындай алмай отырмыз", - деді Тома.