Тек соңғы бір аптаның ішінде науқастар саны 2 миллионға өскен.
ERNUR.KZ.Коронавирус пандемиясына қатысты статистикалық деректерді есептейтін Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлем бойынша COVID-19 дертімен ауырғандардың саны 30 миллионнан асып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тек соңғы бір аптаның ішінде науқастар саны 2 миллионға өскен. Осы көрсеткіш бойынша, алдағы үш орында АҚШ, Үндістан және Бразилия тұр. Соңғы кезде Испанияда індет қайта өршіп кетті. Соңғы екі апта бойы бұл елде күн сайын осы кеселден 50-60 адам қайтыс болып жүр. Денсаулық сақтау министрілігі індеттің таралуына қарсы қабылданатын бүкіл шараларды қолдайтынын мәлімдеді.
Францияда да эпидемиологиялық жағдай күрделі. Бұл елдің денсаулық сақтау министрі адамдарға ауру негізінен туыстары мен достарынан жұғып жүргенін жариялады. Оның айтуынша, соңғы апталарда індет таралу қарқыны үдейе түсті. Осыған байланысты Лион және Ницца қалаларында қайта қатаң карантин енгізілуі мүмкін. Осы шаһарлардан бөлек елдің тағы да үш өңірі қауіпті аумақтар қатарына қосылған.
– Байқап отырмыз. Қауіпті вирус жұқтырғандар саны артып келеді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жастар арасында тарап жатыр. Егде тартқандардың да дертке шалдыққанын білеміз. Енді балабақша мен мектептерден қауіптеніп отырмыз. Білім ошақтары алаңдатады, - дейді Франция денсаулық сақтау министрі Оливье Веран.