Ер адам бұрынғы әйелін отбасымен бірге қырып салды: оқиғаның мән-жайы

0
920

Жантүршігерлік оқиға салдарынан жеті айлық сәби ғана тірі қалған. Ол ауруханада жатыр.


Ер адам бұрынғы әйелін отбасымен бірге қырып салды: оқиғаның мән-жайы

ERNUR.KZ. Хорватия астанасы Загреб қаласында ер адам қызғаныштан алты адамды атып өлтірді, деп жазады sputniknews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қаскөй бірден ізін суытқан.

Мұндай қылмысты бұрынғы әйелін қызғанған тұрғын жасады. Ол әйелмен бірге оның сүйіктісі мен төрт баласын өлтірді.

Загреб көшелерінде полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ресми емес мәліметке сәйкес, қайтыс болғандардың төртеуі – бала, тек жеті айлық сәби ғана аман қалған. Ол түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.