Өйткені, қалада ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымның отырысы өтеді.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Осы аптаның сәрсенбі және бейсенбі күндері Астанадағы біраз студент онлайн форматта білім алады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлағандай, қала бойынша 4 университеттің студенттері онлайн форматта оқиды. Тағы екі оқу орнының студенттер ішінара онлайн оқуға көшеді.
«Тағы 2 жоғары оқу орнында каникул болады, 5 жоғары оқу орны – дәстүрлі, яғни, офлайн форматта оқиды. Оқу форматына қатысты шешімді жоғары оқу орындары академиялық саясатына сәйкес дербес қабылдайды», - деп хабарлады министрліктің қоғаммен байланыс департаментіне жауапты Олжас Беркінбаев.