Гамбург әуежайының әкімшілігі жолаушыларға өзге рейстердің де тоқтайтыны туралы ескертті.
ERNUR.KZ. Гамбургте әуежайға қарулы адамның кіруіне байланысты 70-тен астам рейс тоқтатылды,, деп жазады sputnik.kz.
"5 қарашада барлығы 286 рейс (139 ұшатын және 147 ұшып келетін) жоспарланған, олар шамамен 34,5 мың жолаушыны тасымалдауы керек", - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 61 рейс тоқтатылған (34 ұшатын және 27 ұшып кететін). Бұдан кейін де әуе рейстерінде тоқтатулар мен кідірістер болады, деп толықтырды баспасөз қызметі.
Гамбургке бет алған тағы 17 ұшақ басқа әуежайларға бағытталды.
Гамбург әуежайы кеше түнде әуе қатынасын тоқтатты. Қала полициясы баланы кепілге алуға байланысты ұшу-қону жолағында үлкен операция жүргізіп жатқанын айтты.
Кейінірек Bild басылымы қарулы адам Саксониядан келген 35 жастағы түрік екенін жазды. Ол қызын Түркияға алып кетпек болған.