Жолаушылар тасымалын субсидиялау жүйесінде жіберілген елеулі заңбұзушылықтар талқыланды.
фото: Sputnik / Тимур Батыршин
ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет теміржол жолаушылар тасымалын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізді, деп жазады sputnik.kz.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен көлік министрлігінде теміржол жолаушылар тасымалының проблемалық мәселелері бойынша өткен мәжілісте айтылды.
Жолаушылар тасымалын субсидиялау жүйесінде жіберілген елеулі заңбұзушылықтар талқыланды.
"Мемлекеттік қолдау есебінен айтарлықтай табыстарға қарамастан, көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз етпейтін жекелеген жеке тасымалдаушылардың мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл жолаушылар вагондарының санитарлық және техникалық жағдайына қатысты шағымдарына әкеледі", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, билет тапшылығы және азаматтарға қолайсыздық тудыратын пойыздардың тұрақты кешігуі мәселелері туралы айтылды.
Мәжіліс қорытындысы бойынша Агенттік субсидияларды есептеу әдістемесін қайта қарауды, субсидиялау жүйесін цифрландыру, тиімді мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету (поездарды тексеруді аудио-бейнетіркеу, қызметтер сапасы мен айыппұл санкциялары жүйесін бағалау өлшемшарттарын белгілеу), тасымалдаушы компанияларда аудит жүргізу, сондай-ақ жаңа вагондардың үлесін ұлғайту мәселелерін пысықтауды ұсынды.
"Теміржол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мониторингі жалғасуда және Агенттіктің ерекше бақылауында",- делінген хабарламада.