Бұл туралы YJC спикердің көмекшісі Абдолрез Месри айтты.
ERNUR.KZ. Қазірдің өзінде Иран парламентінің 23 мүшесі коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Хабар24.
Соңғы мәліметтер бойынша, 19 ақпаннан бастап Иранда коронавирустық инфекцияның 1501 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 66 адам көз жұмып, 291 адам дертінен айықты.
Иран билігі аурудың одан әрі таралуы мүмкін екенін болжап отыр.
Сонымен қатар парламент депутаттары халықпен байланыс жасауды шектейді.
Месридің айтуынша, палата өз жұмысын жалғастыра береді.