Өмір бойы күң болған әпкелі-сіңлілі қыздарға берілуі тиіс үй бөтен адамға сатылып кеткен (ВИДЕО)

0
450

Оған қаражатты қарапайым халық блогердің шотына жинап берген.


Өмір бойы күң болған әпкелі-сіңлілі қыздарға берілуі тиіс үй бөтен адамға сатылып кеткен (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Түркістан облысында құлдықта болған әпкелі-сіңлілі Назгүл мен Құндызға берілуі тиіс үй бөтен адамға сатылып кеткені анықталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл үйге қаражатты Ілияс Сариев есімді блогер қарапайым халықтан садақа ретінде жинап алған. ол үйдің берілетіні туралы сертификатты сәндеп Назгүл мен Құндызға 2023 жылдың қыркүйегінде табыстаған. Жаңа үй Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылында салынуы тиіс болатын.

«Ілияс Сариев берген Құндыз бен Назгүлдің үйі қайда? 2022 жылдың жаз айында
Ілияс Сариев «Елге көмек» қайырымдылық қорының атынан Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған ауылынан 10 мұқтаж жанға тегін баспана береміз деп, елден садақа жинайды.
Кімнің есепшотына десеңіздер, айтайын. Әлгі ММ Травелдің иесі Ақтоты Болатқызының қалтасы майланады. «Елдің үйі» деген тамаша атты иеленген баспанаға секунд сайын қалың қазақ қомақты сома салады. Ал нәтижесі қандай?» - деп жазды Руслан Өтепбай.

Алайда, журналист Руслан Өтепбай бұл үйдің 45 млн теңгеге сатылымға шығарылғанын, ал өзі былтыр қараша айында сатылып кеткен. Үйдің қазіргі иесі – Қырғызстан азаматы.

Руслан Өтепбай құрылысы әлі күнге дейін жүріп жатқан үйдің өзіне барып, бас құрылысшымен тілдескенде, іші бөлмелерге бөлініп, хостел немесе қонақ үй үлгісінде салынып жатқанын айтты.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысында немере ағасы мүмкіндігі шектеулі екі қарындасын күң еткені хабарланған болатын.