Қазірге дейін вирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын халықтың 20 проценті алған.
ERNUR.KZ. Дәрігерлер бұл індетпен күресте бетбұрысты кезең болады деп отыр, деп жазды baq.kz.
Қазірге дейін вирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын халықтың 20 проценті алған. Оның ішінде 60 жастан асқан қарттардың 72-і проценті егілген. Бұл жан басына шаққанда әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіш.
Еске сала кетейік, Израильде 500 мыңға жуық адам вирус жұқтырған. Өткен жұма күні үшінші жалпыұлттық карантин енгізілген. Шара қаңтардың 21-іне дейін созылады. Оған сай барлық мейрамхана, сауда орталықтары, мектептер, балабақшалар жабылған. Азаматтардың шетелге саяхат шегуіне де шектеу енгізілді.
"Дертке қарсы вакцинаның екінші дозасын алғанға қуаныштымын. Бұл 10 күннен кейін менде коронавирусқа қарсы 95 процент қорғаныш болады дегенді білдіреді. Яғни жұмыс істеу мүмкіндігім артады. Оған қоса өзімізді қауіпсіз сезінетін болдық", - деді дәрігер Гай Чошен.