Әсіресе онлайн оқудан шаршаған оқушылар мен студенттер көп келетін көрінеді.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Калифорния штатында «ашу-ыза бөлмелерінің» танымалдығы артып келеді. Оған коронавирус себеп болған, деп хабарлайды Хабар24.
Өйткені шектеулерден шаршаған жұрт мұнда бар эмоциясын шығара алады. Айқайлап, қолына түскеннің бәрін талқандауға рұқсат беріледі. Негізі штатта «ашу-ыза бөлмесі» 2019 жылдың соңында ашылған. Алайда пандемия кезінде бұл орынның аты көпке бұрыннан да мәлім болды. Әсіресе онлайн оқудан шаршаған оқушылар мен студенттер көп келетін көрінеді.