1 және 2 шілде күндері Қарақалпақстанның астанасы Нөкісте Конституцияға өзгеріс енгізуге қарсылық ретінде жаппай наразылық болды.
ERNUR.KZ. Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстан территориясындағы төтенше жағдай режимінің күшін жоятын жарлыққа қол қойды, деп жазады Экспресс К.
Podrobno.uz мәліметінше, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңесінің үндеуін, сондай-ақ өңірдегі қоғамдық тәртіптің қалпына келтірілгенін, азаматтардың қауіпсіздігі, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қамтамасыз етілгенін ескере отырып, Қарақалпақстан территориясындағы төтенше жағдай режимін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойған.
Президент Жарлығы 21 шілдеде сағат 05:00-ден бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, 1 және 2 шілде күндері Қарақалпақстанның астанасы Нөкісте Конституцияға өзгеріс енгізуге қарсылық ретінде жаппай наразылық болды.
Ел билігі тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен бейбіт тұрғындар зардап шеккенін мәлімдеді.
Сондай-ақ 2 шілдеде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев "Қарақалпақстан Республикасының территориясында төтенше жағдай енгізу туралы" жарлыққа қол қойған болатын.