Кейбір депутаттар Алматыға қашып кетті – Қырғызстанның жаңа премьері

0
629

Жапаровтың айтуынша, 6 қазанда түнде болған оқиға революция емес.


Кейбір депутаттар Алматыға қашып кетті – Қырғызстанның жаңа премьері

ERNUR.KZ. Қырғызстанның жаңа премьері Садыр Жапаров парламенттің кезектен тыс отырысында 5-6 қазанда өткен жаппай тәртіпсіздік кезінде кейбір депутат Алматыға қашып кеткенін айтты, деп жазады baq.kz.

Жапаровтың айтуынша, 6 қазанда түнде болған оқиға революция емес.

"Мемлекеттік төңкеріс - бұл билікті басып алу салдарынан Президент пен басқа да заңды органдардың қашуы. Біздегі билік заңды жолмен, яғни халық көтерілген соң ауысты. Парламент депутаттары бас сауғалап қашты", - деді жаңа премьер.

Бұл мәлімдеме депутаттардың ашуын келтірді. Сонан соң Жапаров басқа нәрсені меңзегенін мойындады.

"Кешіріңіздер, мен кейбір депутаттың Алматыға қашқанын естідім. Олардың әлі де сонда екенінен хабардармын", - деп қосты ол.

Айта кетсек, бостандыққа шыққан оппозиционер Садыр Жапаров Қырғызстанның жаңа премьер-министрі болып тағайындалды. Ол Қырғызстандағы жағдай үшін барлық саясаткерді халықтан кешірім сұрауға шақырды.