Құны 10 млрд теңгеден астам: Апокалипсис болған жағдайда қоныстануға болатын жер асты бункерлері салынбақ

0
518

Ішіне инженерлер бассейн, боулинг, жартасқа өрмелеу алаңы, AI-мен жұмыс істейтін денсаулық сақтау жүйесі және люкс бөлмелер салады.


Құны 10 млрд теңгеден астам: Апокалипсис болған жағдайда қоныстануға болатын жер асты бункерлері салынбақ

Фото: Safe

ERNUR.KZ. Америкалық SAFE компаниясы Вирджиния штатындағы жаңа бункер салу жоспарын таныстырды. Жаһандық апат не апокалипсис болған жағдайда жер шарындағы ең бай 625 адам қоныстана алады, деп жазады stan.kz.

Aerie деп аталатын жерасты бункері өз тұрғындарына жаһандық апат кезінде аман қалуға мүмкіндік береді. Жердің астында барлық мүмкіндік жасалған.

Фото: Safe

Ішіне инженерлер бассейн, боулинг, жартасқа өрмелеу алаңы, AI-мен жұмыс істейтін денсаулық сақтау жүйесі және люкс бөлмелер салады.

Фото: Safe

Бункердегі бір бөлменің құны – 20 миллион доллар (10 миллиард 380 миллион теңге).