​Мектеп салатын кәсіпкерлер салықтан босатылатын болды

0
1 132

Тәжікстанның Рудаки ауданындағы бірнеше ауылдың балалары кәсіпкерлерден Жаңа жылға сыйлық алды.


​Мектеп салатын кәсіпкерлер салықтан босатылатын болды

ERNUR.KZ. Тәжікстанның Рудаки ауданындағы бірнеше ауылдың балалары кәсіпкерлерден Жаңа жылға сыйлық алды. Оби Шифо және Шахристон ауылдарында кәсіпкерлер қазіргі заманға сай мектеп тұрғызған. Білім мекемелерінің ашылу салтанатына Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысқан.

Шахристон ауылындағы мектепті кәсіпкер Абдухалил Гуломов 21 млн сомониге (2,2 млн доллар) тұрғызды. Білім ордасы 1280 оқушыға шақталған. Мұнда 22 класс бар. Бұл мектепке көршілес Механ және Дарёобод ауылдарының оқушылары да қатынап оқиды, деп хабарлады тәжік президентінің баспасөз қызметі.

Кәсіпкер Гуломовтің мәлімдеуінше, мектеп тұрғызуды садақа ретінде қарастыруға болады. Енді ол Куляб өңірінде тағы бір мектеп салуды көздеп отыр.

Оби Шифо ауылындағы жаңа мектеп кәсіпкер Нұршед Машрабов қаражатына тұрғызылды. Үш қабатты білім ордасында 1280 оқушы оқиды.

Жергілікті кәсіпкерлердің айтуынша, мектеп салу барысында олар салықтың барлық түрлерінен босатылған. Салық комитеті өз қаражатына мектеп, балабақша және медициналық мекеме салып, оларды мемлекетке тапсыратын кәсіпкерлерге жеңілдік қарастырылғанын растады.

Дереккөз:centralasian.org/a/