Мұғалім сабақ түсіндірудің ерекші тәсілін ойлап тапты (фото)

0
961

Вероника Дуке - анатомия пәнінің мұғалімі.


Мұғалім сабақ түсіндірудің ерекші тәсілін ойлап тапты (фото)

ERNUR.KZ. Испаниялық мектептердің бірінде анатомия пәнінің мұғалімі сабақты түсіндірудің ерекше әдісін ойлап тапты. Ұстаз адам организмінің қандай боларын өзінің денесі арқылы көрсеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анатомия - қиын пән. Дегенмен сіздің Вероника Дуке сияқты мұғаліміңіз болса, жолым болды деп есептей беріңіз. Дәл осы ұстаздың арқасында оқушылар қай мүшенің қай жерде орналасқанын нақты біліп алған.
Бұл жаңалықпен алдымен Верониканың күйеуі Майкл Twitter желісінде бөліскен.
"Бұл идеялардың сарқылмайтынымен мақтанамын, оның үстіне ол менің әйелім. Бүгін ол өзінің оқушыларына адамның денесін өте жақсы түсіндіріп берді. Балаларға да қатты ұнады. Жарайсың, Вероника!!!", - деп жазған Майкл.
43 жастағы Верониканың ұстаздық еткеніне 15 жыл болған. Десе де оның жұлдызы осы суреттен кейін жаныпты. Майклдың желідегі жазбасы 13 мыңнан аса ретвит пен 66 мыңдай лайк жинаған. Желі қолданушылары ұстаздың креативін ерекше бағалап, өздерінің биология сабақтары дәл осылай өтпегеніне өкініш білдірген.
Вероника Дуке тек қана анатомиядан емес, социология, өнер тарихы, ағылшын тілі мен испан тілінен де сабақ береді. Bored Panda журналистерімен тілдескен мұғалім оқушыларына ақпаратты ұғынықты етіп жеткізу үшін әрдайым жаңа әдістерді іздейтінін айтқан.

"Мен сабаққа қосымша "құралдарды" қолдануды біраз уақыт бұрын шешкенмін (мысалы, тарихи тұлғалардың костюмдері). Мен қоғам күндердің бір күні мұғалімдерді жалақыға отырған жалқау мемлекеттік қызметші деп есептеуін тоқтатса деп армандаймын. Біз бәріміз ондай емеспіз", - деді Вероника Дуке.